СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҚАБЫЛДАУ

Білім алушылар орталыққа келіп игеретін дағдысы бойынша қажетті жабдықтарды, дағды бойынша жұмыс істеу алгоритмін алады және тақырыпқа сәйкес бейнефильмді көреді. Дағдыны игергеннен кейін  электронды журналға тіркеледі және ұстаздар білімгерлердің игерген дағдыларын көріп оқу журналына белгі соғады.