Шетелдік  білімгерлер туралы мәлімет

           Ал тыңдаушы, студент, магистрант, докторант, резиденттерге  паспортындағы ашылған визаның уақытына дейін тіркеледі.  Қазақстан Республикасымен визалық қатынастағы елдерден келетін студенттердің  (Түркия, Түркіменстан, ҚХР, Моңғолия, Ауғанстан, Сирия, Болгария, Молдова, Босния және Герцоговина, Косова, Албания, Венгрия)   паспорттары Түркістан облысына полиция департаментіне қарасты көші-қон қызмет басқармасына Шымкент қаласына тіркелетін болғандықтан бұл елдерден келген азаматтар «Визамен қамтамасыз ету жәнге шетел студенттерімен  жұмыс жүргізу» бөліміне шетел  паспорттарын тіркеуге шекарадан өткеннен кейін  3 тәулік ішінде тапсырулары тиіс.  Жаңадан енгізілген көші-қон Ережесімен  Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде көрсетілген талаптардың бұлжытпай орындаулары  қажет.   Мемлекеттік конституциясында нақты көрсетілгендей шетелден  келген азаматтар  Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей заң алдында жауапкершілігі көрсетілген.
Сондықтан Қазақстан Республикасы аумағында білім алып жүрген соң, екі мемлекеттің арасында құрылған университеттің беделін түсірмей, әр кім өз міндетін дер кезінде орындап жүру керектігі университетімізге қатысты барлық шетел азаматтарына жеке-жеке түсіндіріліп, таныстырылғандығы жөнінде қол қойдырылады.
Әр оқу жылында универсиет басшыларының қатысуымен Түркістан, Кентау, Шымкент қалаларының Көші-қон қызмет басқармасы басшыларымен бірлесе отырып шетелдік тыңдаушылар, студенттер, интерндер, магистранттар, докторанттар, резиденттер, қызметкерлерді қатыстыра отырып және әр факультетпен арнайы кесте құрылып жеке-жеке жиналыс өткізіліп хатамамен бекітіліп отырады.

          «Визамен қамтамасыз еті және шетелдік студенттермен жұмыс жүргізу» бөлімнің негізгі міндеттері:

  • Университетімізге қызметке, оқуға келетін шетелдік немесе шетелдерге шығатын азаматтарға шақырту, визалық қолдау жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен шетелдік тұлғалардың төлқұжаттарын еліміздің қолданыстағы, Көші-қон Заңының талаптарына сай Облыстық және жергілікті жердегі Көші-қон органдарында тіркеу және қайта тіркеу жұмыстарын атқару (5 күн ішінде шетел азаматтарының паспорттарын тіркеу);
  • Шетел азаматтарына ҚР қолданыстағы білім беру саласындағы заңнамаларын, білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп ережесін түсіндіру;
  • Шетелден университетке оқуға келген студенттердің, оқытушы-профессорлар мен қызметкерлердің құжаттарын облыстық Ішкі істер департаментінің Көші-қон қызмет басқармасында және ТМД елдерінен Түркістан, Кентау қалаларының ІІБ-нің полиция бөлімдерінде шекарадан өткеннен кейін 5 (бес) жұмыс күн ішінде тіркеу жұмыстары оқу жылы бойы іске асырылады: Визалық қарым-қатынастағы  елдерден келген  шетел азаматтары Қазақстан шекарасынан  өткенен кейін 3 күн ішінде  Виза бөліміне  паспорттарын  тапсыру қажет Түркия, ҚХР, Моңғолия, Молдова, Түркіменстан, Сирия, Болгария, Ауғанстан, Косово, Босния және Герцоговина, Албания бұл елдің азаматтарының паспорттары  автоматты  түрде  виза мерзіміне дейін тіркеледі,  осыған сай  тіркелген мекен-жайы  туралы хабарлама беріледі.
  • б) Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Ресей Федерациясынан келгендер:
  • в) Дайындық факультетіне шетелдегі қазақ диаспорасы арқылы қабылданған тыңдаушылардың төлқұжаттарын Түркістан облысы, Түркістан қалалық Көші-қон қызмет басқармасында және  Кентау қалалық Көші-қон полиция бөлімінде тіркеу.