Сапа менеджмент жүйесі

Университеттің Стратегиялық жоспарлау және сапа комитетінде қаралып, бекітілді. (21.10.2019ж.  №1  хаттама)… PDF

Оқу орнымызда ұйымдастырылатын ішкі аудиттің негізгі мақсаты — сыртқы сертификаттау аудиті алдында университетте қолданыстағы сапа менеджменті жүйесінің ISО 9001:2015 Халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін тексеру және оқу орнының сыртқы аудитке дайындығын анықтау.

Университет президентінің ішкі аудит өткізу туралы бұйрығы негізінде барлық құрылымдық бөлімдерде кешенді ішкі аудит жүргізіледі.

Ішкі аудит жүргізілмес бұрын барлық құрылым басшылары үшін ішкі аудиттің ашылу жиналысы өткізіледі. Бұл жиналыста  ішкі аудиттің мақсаты, былтырғы аудит ерекшеліктері, аудит бағдарламасы мен мерзімдері, аудиторлар тобы мен топ жетекшілері таныстырылады. Аудит кезіндегі эксперттер ролі,  Түзетуші әрекеттер сәйкессіздігіне  (ТӘС-ке) берілетін 1 апта мерзім,  ескертуші әрекеттер  мен түзетуші әрекеттер бойынша ҚБ басшыларының жауапкершілігі  түсіндіріледі.

Ішкі аудит барысында Сапа аясында анықталған мақсаттардың Стратегиялық жоспарға сәйкестендірілуіне, жоспарланған үрдісті қадағалау және оларға мониторинг жүргізуге, өлшеу мен талдауға, құжаттардың басқарылуына мән беріледі. Сондай-ақ, әрбір құрылым бойынша басшылық тарапынан талдау жүргізілуі, құрылымдық ережелер мен қызметтік нұсқаулардың талаптарға сәйкестігі, ақпаратпен алмасу мен ішкі алмасулар, кадрлардың құзіреттілігі, құрылымдық бөлім басшыларының хабардарлығы мен дайындығы, нәтижелілікті ұдайы жақсарту бойынша атқарылған жұмыстар мен тұтынушының қанағаттандырылу көрсеткіштері және мәліметтерді талдау ақпараттары назарға алынады.

Ішкі аудит кезінде анықталған сәйкессіздіктерді жою мақсатында және олардың қайталанбауын қамтамасыз ету үшін барлық құрылымдық бөлімдерде түзетуші әрекеттер жоспарлары әзірленеді. Бұл жоспарларда түзетуші әрекеттерді орындау мерзімдері көрсетіліп, оларды орындауға жауапты қызметкерлер көрсетіледі. Құрылымдық бөлімдер жоспарлау барысында тәуекелдер мен мүмкіндіктерді жаңартып, әрбір қабылданған түзетуші әрекеттер нәтижелерінің тиімділігіне талдау жасайды. Барлық актілердің көшірмелері құрылымдық бөлімдерге таратылып, түп нұсқалары Стратегиялық жоспарлау, рейтинг және сапа орталығына  тапсырылады.

— Ішкі аудит нәтижелері

Халықаралық ISO 9001:2015 стандартының талаптарына сәйкес тәуелсіз аудиторлық ұйым арқылы (IQNet Халықаралық сертификаттар жүйесінің партнері — Түрік Стандарттары институты ТСИ, Анкара) сыртқы аудит жүргізіледі.

Сыртқы аудиттің мақсаты — қолданыстағы сапа менеджменті жүйесінің Халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін тексеру және сертификаттау.

Алдын ала сыртқы аудиттің ашылу жиналысы өткізіліп құрылымдық бөлім басшыларына  ISO 9001:2015 стандартының талаптары жайлы түсіндіріледі. Сыртқы аудиторлар алдымен  ішкі аудит нәтижелерін талдайды. Ішкі аудит барысында анықталған сәйкессіздіктер, олардың түзетілуі және жойылуы, басқару кеңесінде талдануы мен қабылданған іс-шаралардың орындалуы туралы қосымша ақпараттар, бір жылда сапа аясында атқарылған іс-шаралар, жақсарту шаралары, түзетуші-ескертуші әрекеттер, басшылық тарапынан талдаулар да сыртқы аудит назарына ұсынылады. Оқу орнында процестер жүйесі бар ма, жоқ па, бар болса ол қандай күйде, жүйе қалай басқарылады?  Әр бөлімде жоспарлау, талдау, есеп беру, сәйкессіздіктерді түзету немесе олардың алдын алу қалай жүзеге асырылады?  Бұл да басты назарда болатын жайттар.

Сыртқы аудит барысында аудиторлар университеттің құрылымдық бөлімдерін аралап, жүргізілген жұмыстардың ISO 9001:2015 стандарты баптарында көрсетілген талаптарға сәйкестігіне, белсенділігіне және жүйелілігіне назар аударады.

— Сыртқы аудит нәтижелері