Орталық миссиясы – Стратегиялық даму жоспарын жасау және орындалуын қадағалау, сапа менеджменті жүйесінің СМЖ ISO 9001:2015 ХС талаптарына сәйкес жұмыс қалпында ұсталуын қамтамасыз ету, Халықаралық және ұлттық рейтингтерге қатысу, Халықаралық аккредиттеуден өтуге дайындау.

Орталық қызметінің мақсаты – Қолданыстағы сапа менеджменті жүйесінің жұмысын ИСО 9001:2015 ХС талаптарына сәйкес ұйымдастыру, институционалдық және мамандық (бағдарламалық) бойынша аккредиттеуден өткізуді ұйымдастыру, рейтинг бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және Стратегиялық даму жоспарын жасау және оның орындалуын қадағалау.

Орталықтың негізгі міндеттері:

  • Сапа саласындағы саясатты және мақсаттарды жасау және оны университет қызметкерлеріне жеткізу;
  • Университеттің сапа менеджменті жүйесінің СМЖ ISO 9001:2015 ХС талаптарына сәйкес жұмыс қалпында ұсталуын қамтамасыз ету;
  • СМЖ бойынша қолданыстағы құжаттамалардың жарамдылығын, жаңартылуын мерзімді түрде қадағалау;
  • СМЖ, аккредиттеу, рейтинг салаларында ішкі семинарлар өткізу;
  • СМЖ талаптарына сәйкес ішкі тексерулер (аудит) ұйымдастыру және нәтижелерін талдау;
  • Сапаны басқару саласында озық тәжірибелерді үйрену, Халықаралық, ұлттық рейтингтерге қатысу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • Институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу бойынша өзіндік бағалау есептерін сараптау, аккредиттеуге дайындық жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Стратегиялық жоспардың орындалуын қадағалау, стратегиялық жоспар бойынша есептерді талдау,  университет деңгейінде қорытынды есеп дайындау.

Стратегиялық жоспарлау, рейтинг және сапа орталығының құрылымы:

Стратегиялық дамуды жоспарлау және сапа менеджменті секторы

► Аккредитация секторы

► Рейтингтік бағалау секторы

ОРТАЛЫҚ ЖЕТЕКШІСІ

Дәрібаев Жанәлі Еркінбекұлы

Қызметтері

Негізгі: Аккредитация, рейтинг және сапа басқармасының басшысы, Экология және химия кафедрасының доценті, Инженерлік-педагогикалық факультетінің деканы,  Біліктілік жетілдіру факультетінің деканы, Экология факультетінің деканы, “Экология” ғылыми-зерттеу институтының ғалым хатшысы,  “жалпы химия және химиялық экология” кафедрасының аға оқытушысы, Кентау орталығы оқу лабораториясының меңгерушісі, Кентау қалалық “Қазақ тілі” қоғамының жауапты хатшысы, Кентау қалалық атқару комитетінің аймақтық салааралық бірлестігінің ғылыми-зерттеу орталығы зерттеушісі, Кентау экскаватор заводы болат құю цехының  аға шебері, Алматы ауыр машина жасау заводы бас металлург бөлімі инженер-технологы, болат құю цехы аға инженер-технологы.

Қоғамдық: “Нұр Отан” партиясы Түркістан қалалық филиалы ХҚТУ бастауыш ұйымының төрағасы, “Нұр Отан” партиясы Кентау қалалық филиалының Бюро мүшесі, Саяси кеңес мүшесі, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, ХҚТУ Сенатының мүшесі, Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, кәсіподақ комитетінің төрағасы.

Ғылыми жетістіктері

“Қиын тотықсызданатын селенат-иондардың қатты электродтардағы электрохимиялық қасиеттері” тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған. 50-ден аса ғылыми-әдістемелік  еңбектердің авторы. Оның ішінде: 3 оқулық, 1 оқу құралы, 2 алдын ала патент, 45-тен аса ғылыми-әдістемелік мақалалар  бар. Екі мақаласы Томсон Рейтер (ISI Web Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие және Scopus компаниясының деректері базасына кіретін халықаралық ғылыми журналдарына қабылданып жарияланған. Глобальды Экологиялық Қор ұйымдастырған «Хантағы тұрғындары үшін баламалы жайылымдарды сумен қамтамасыз ету және мал дәрігерлік қызмет көрсету пунктін ұйымдастыру» жобасының, ОҚО ішкі саясат департаменті ұйымдастырған «Діни экстремизм және терроризмді алдын-алу мәселелері бойынша ұйымдастыру іс-шараларын өткізу» грантының иегері, “Құмкөл”, “Қызылқия”, “Арысқұм”, “Майбұлақ” кен орындарын көгалдандыру” жобасына, «Оценка воздействия на окружающую среду» объектов ТОО «ТЭК Алматы» жобасына, Инвентаризация флоры и фауны участка №1 «Южный» и участка №2 «Торткудук» месторождения Моинкум ТОО СП «КАТКО» жобаларына жетекшілік жасаған.
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің №0042Р лицензиясы негізінде Кентау-Түркістан өңірі мен облыстағы 60-тан аса мекемелер мен ұйымдардың табиғатқорғау жобаларын жасаған.

Біліктілікті арттыру

«Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің» (НКАОКО) ұлттық сарапшысы, “Қазақстан сапа мекемесі” — ХС ИСО 9001:2015 ішкі аудиторы, «Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі» аккредиттеу процедураларының сарапшысы, ҚР БжҒМ “Өрлеу” Біліктілік жетілдіру ұлттық орталығы, ҚазМУ біліктілік жетілдіру институты, “Интерсертифика-ЦентрАзия” оқу орталығы – СМЖ ішкі аудиторы,  Түрік стандарттары  институты, ISO 9001 СМЖ ішкі аудиторлар курсы, “Союз” менеджерлер мектебі.

Жарияланымдар
  1. Восстановление активности окисленных форм сернистого натрия электрохимическом способом. Алматы, 2000. Республиканский журнал «Промышленность Казахстана» №3.с.104-107.
  2. Экология негіздері. Оқулық: Түркістан — ХҚТУ, 2000ж. 196 б.
  3. Экология. Оқулық: Алматы, “Дәнекер”, 2005. 313 б.
  4. Дарибаев Ж.Е Эколого-экономическая оценка состояния окружающей среды Туркестанского региона. Журнал: “Ізденіс-Поиск”, Алматы, №4, 2006.
  5. Turkistan’in ekolojik durumu ve delecegi. Turk yurdu журналы, 2010ж. №274. Анкара.
  6. Дифференциально-термический анализ твердых продуктов процесса совместной гидрогенизации угля и сланцев Шубаркольского месторождения. Научный журнал Актуальные проблемы гуманитарных и естественных наук РФ, Волгоград, 2012 г. №11.
  7. Использование компьютерно-информационных технологии в подготовке специалистов. Вестник РУДН N1, Россия, 2013.
  8. Formation of The Informational-Communicative Competence Of Future Specialists Түркия, Анталия, 2013 Vol 4 (2013): 3rd World Conference on Innovation and Computer Science (INSODE-2013). AWERProcedia information Techology Computer Science. 2013, 04, pp 212-218.
  9. The formation of professional competencies  of  future specialists . Қытай, 2013 Life Science Jornal – 2013. Vol. 10 (9s). – P.426-430.
  10. Формирование иноязычной коммуникативной компетенции  в процессе подготовки будущих экологов. Педагогический вестник Казахстана, Павлодар, Павлодарский педагогический институт, №2-3, 2014 г., с. 20-30
Марапаттаулар

2011 жылғы қорытынды бойынша “Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы” мемлекеттік грантының иегері, университет ректоры, Кентау және Түркістан қаласы әкімдерінің Алғыс хаттары, Грамоталары, “Нұр Отан” партиясының Алғыс хаттары мен Грамоталары, ОҚО мәслихатының Құрмет грамотасы, ОҚО әкімдігінің Құрмет грамотасы, ҚР білім министрлігінің Құрмет грамотасы, “Нұр Отан” партиясы Төрағасы бірінші орынбасарының Құрмет грамотасы.