з.ғ.к. Ерназаров Ғалымжан Бақытжанұлы
Департамент директоры

Әкімшілік-басқару департаменті

2013 жылдың 27 маусым айындағы университет Сенатының № 6 шешiмімен әкiмшiлiк–басқару департаментi құрылды. Басшы қызметін  з.ғ.к.  Ерназаров Ғалымжан  Бақытжанұлы  атқаруда.
Әкімшілік-басқару департаменті  қызметінің негізгі мақсаты
–ұйымдастыру және басқару циклін қадағалау, университет  басшысының шешімдерін   уақытында жүзеге асыру, университеттің дамуына үлес қосу, шетелден келген азаматтармен бірге ынтымақта жұмыс істелуге ықпал ету.
Әкімшілік-басқару департаменті қызметінің негізгі міндеттері:
-жоғары  оқу орнының жарғысына сәйкес ұйымның әдістемелік, әкімшілік, шаруашылық қызметтеріне басшылық жасап және сол мәселелер бойынша қабылданатын шешімдерді бақылау;
-еңбек туралы заңға сәйкес жұмысқа қабылдау мен шығару, марапаттау және шара қолдану мәселелерін қарастыру;
-университет қызметінің заңға сәйкес  жүргізілуін, қажетті кадрлармен қамтамасыз етілуін,
-құжаттарды есепке алу және сақтау жұмыстарының уақтылы орындалуын және басқару үрдісінің тиімді жүйесінің ұйымдастырылуын бақылау;
-барлық құрылымдық бөлімдердегі  қызметкерлердің атқарушылық және еңбек тәртібінің ішкі ережеге сай сақталуын бақылау,тексеру;
-келіп түскен және шығыс хат-хабарлардың қозғалыс тәртібін анықтау бойынша бақылау жүргізу.
Әкімшілік-басқару департаментінің құрлымы:
Әкімшілік-кадр бөлімі
Кеңсе бөлімі
Құжат сақтау және мұрағат бөлімі