Археология ғылыми-зерттеу орталығының негізгі мақсаты: Еуразия даласында қалыптасып, әлемдік өркениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан Түркі өркениетінің мыңдаған жылдық тарихы бар. Түркі өркениетінің шығу тегін, қалыптасқан уақытын, даму кезендерін анықтап, тұркі халықтарының біртұтас тарихы болғандығын ашып көрсету болып отыр. Түркі өркениетінің тұтас тарихын айғақтайтын археологиялық ескерткіштердің барлық түрлеріне ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Міндеті: Отандық археология ғылымының өркендеуіне үлес қосу, Оңтүстік Қазақстан өңірлерінде кең көлемді барлау жұмыстарын жүргізіп, мәдени-тарихи мұралардың саны мен түрін, олардың қазіргі күнгі сақталу дәрежесін анықтап, ғылыми айналымға еңгізу; осы өңірлерде орналасқан археологиялық ескерткіштерде қазба жұмыстарын жүргізіп, олардың пайда болу, даму, күйреу кезендерін анықтау; ежілгі және орта ғасыр ескерткіштерінің өз ара байланысын, тарихи сабақтастығын анықтау  болып табылады.

  • 161200, Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы Бекзат Саттарханов даңғылы № 29, корпус 3, 116
  • 8 (72533) 6-36-12