Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

АРХЕОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

 

Қазақстан Респуликасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің тапсырмасымен, ҚР үкіметінің 12 шілде 2000 ж. №1059 үкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық саясатының концепциясы», 9 шілде 2001 ж. ҚР «Ғылым жөніндегі» заңы, 2002-2007 жж. арналған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің даму концепциясын жүзеге асыру мақсатында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанында Археология ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Археология ғылыми-зерттеу орталығы 2018-2019 оқу жылынан бастап Археология ғылыми-зерттеу институт болып өзгертілді.

Археология ғылыми-зерттеу орталығының тарихы 1996 жылынан бастау алады, 1996 жылы университет президенті, академик М.Жұрыновтың бұйырығымен универститет жанынан Археология және этнология ғылыми-зерттеу институты құрылып, 1998 жылы институт Археология және этнология ғылыми-зерттеу орталығы болып … PDF

МЫҢТӨБЕ ҚОРЫМЫ ҚАЗБАЛАРЫ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Археология ғылыми-зерттеу орталығының Қазақ-Түрік бірлескен археологиялық эспедициясы Өкілетті Кеңес тарапынан қаржыландырылатын «Мыңтөбе қорымы қазбалары» атты ғылыми жоба бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудыны, Ақтөбе ауылдық округінде орналасқан Мыңтөбе қорымында археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жоба жетекшілері қазақстан тарапынан PhD доктор Б.С. Сиздиков, түркия тарапынан доктор профессор Сулейман Южел Шенюрт, жоба орындаушылары т.ғ.к., профессор К.М. Жетібаев, PhD доктор М. Гурсой, М.М. Бахтыбаев далалық және зертханалық зерттеулерде жаңа әдістерді қолдану арқылы зерттеулер жүргізді.

  • 161200, Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы Бекзат Саттарханов даңғылы № 29, корпус 3, 116
  • 8 (72533) 6-36-12