Р.Ж. Ашимов
Орталық директор

ТЕРМИНДЕР СӨЗДІКТЕРІН ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ АУДАРМА ОРТАЛЫҒЫ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті “Терминдер сөздіктерін дайындау және аударма орталығы” 1995 жылы мамыр айының 15 жұлдызында университетіміздің Шымкент бөлімшесінде “Түрік Дүниесі ортақ терминдер сөздіктерін дайындау комиссиясы” ретінде құрылған.
Комиссия төрағасы ретінде марқұм акад. Қалдыбай Бектаев тағайындалып, арада 45 күн өткеннен кейін аталмыш комиссия төрағасының қайтыс болуына байланысты комиссияның жұмыстарын бас хатшы Неждет Албай жүргізді.
“Түрік Дүниесі ортақ терминдер сөздіктерін дайындау комиссиясы” университет ректоратының шешімімен Шымкент қаласынан Түркістанға көшірілді, Өкілетті кеңес жиналысында комиссияның аты “Аударма орталығы” болып өзгертіліп, аталмыш орталық өз жұмысын 1996 жылы желтоқсан айының бірінші жұлдызынан бастап Түркістан қаласында жалғастырды.
1999-2000 оқу жылынан бастап 15.09.1999 жылғы 7-сенаттың шешімі бойынша орталық “Терминдер сөздіктерін дайындау және аударма орталығы” деп аталды. Орталықтық толық аталуы: “Терминдер сөздіктерін дайындау және аударма орталығы”; қысқаша аталуы: “Аударма орталығы”.

16 қазан 2003 жылы университет Президентінің бұйрығымен “Терминдер сөздіктерін дайындау және аударма орталығының” басшысы болып ф.ғ.к., Р.Ж.Ашимов тағайындалды.

Аудармашы

М.Жаңабаев

Аудармашы

А.Айтметов

Аудармашы

Т.Сапарбаев

Аудармашы

Н.Иманқұлова

Аудармашы

С.Омарова

Аудармашы

Д.Ерехан