Құттыбаев Жамбыл Анешұлы
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау инженері

Еңбек Қауіпсіздігі және Еңбекті Қорғау Инженері

Ұйымда еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жасалуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Ұйымның барлық бөлімдерінде еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз етеді және әдістемелік басшылық жасайды. Еңбек, еңбекті қорғау туралы заңдардың, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы стандарттардың, нормалар мен ережелердің сақталуын, мемлекеттік бақылау органдары  мен  басқа да жоғарғы  органдардың қаулылары  мен  бұйрықтарының орындалуын қадағалайды. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы нормалар мен ережелерді бұзу жағдайларын жою туралы бөлім бастықтарына нұсқаулар береді. Жұмысшылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төнетін жағдайларда белгілі учаскелер, машиналар, механизмдер мен станоктарда жұмыс істеуге тыйым салады. Жазатайым жағдайларды тексеру жұмыстарына қатысады, олардың алдын алу іс-шараларын жүзеге асырады.

Экология және өрт қауіпсіздігі инженері

Абдуллаев Асан Монтайұлы

азаматтық қорғаныс инспекторы

Шинтаев Мырзахмет Иманбердіұлы