Байжігітов Құлахмет
Ботаникалық бақ директоры

Ботаникалық бақ

ҚР премьер министрінің №428-3 29.09.1993ж. бұйрығы негізінде 88 га жерді құрайтын ботаникалық бақ салынған. Ботаникалық бақ Оңтүстік Қазақстан және Арал-Сырдария аймағының аридті зонасындағы бірден бір ғылыми зерттеу интродукциялық орталық болып табылады. Ботаникалық бақ жобасы ҚР ҰҒА Бас ботаникалық бақтың жоғарғы кеңесінде 17.03.1994ж қаралып бекітілген, территориясын аймақтарға бөлуді жаңа қызметтік принциптеріне орай секторларын экспозициялы-дендрарий, тәжірибелі-өндірістік деп анықтаған. Ботаникалық бақ оқу-ғылыми, өндірістік, мәдени-ағарту мекемесі.  Ботаникалық бақ ҚР Ғылым туралы заңдары, ҚР үкіметі бекіткен қоршаған ортаны сақтау туралыХалықаралық келісімдер, конвенциялар және ғылыми-өндірістік жұмыстарды жүргізуге арналған нормативтік талаптарға сүйене отырып іс-әрекет атқарады.  Ботаникалық бақта 34 штат бірлігі қызметкер бар.

Көгалдандыру бөлімі басшысы

Ертаев Амзе