Төреқұлова Ұлдар-ай Батырқызы
Бөлім басшысы

Кәсіби бағдар бөлімі

Кәсіби бағдар бөлімі университеттің барлық мүмкіншілігін Республика деңгейіндегі мектеп бітірушілер арасында танымал ету және оқитын студенттер контингентінің географиясын кеңейту мақсатында 2014 жылы ашылған. Бөлім университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлімнің негізгі атқаратын қызметтері: 

  • Қазақстандық мектеп бітірушілерге арналған Республикалық «Ясауи» пәндік Олимпиадасын ұйымдастырып, өткізеді. Жеңімпаздарға университеттің ішкі гранттарын үлестіреді;
  • ҚР Білім және ғылым министрлігі және университеттің қолдау көрсетуімен өтетін Республикалық және Халықаралық конкурстар мен пәндік олимпиадаларға университет басшыларының қатысуын ұйымдастырады және жеңімпаздарға білім гранттарын үлестіреді;
  • Қазақстандық және шетелдік студенттерді тарту, сондай-ақ, білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған Халықаралық білім көрмелеріне қатысады;
  • Әлеуметтік желілерден ашылған талапкерлерге арналған парақшаларда кәсіби бағдар жұмыстарына бағытталған іс-шаралар туралы (ресми парақша емес) үздіксіз ақпараттар жариялап отырады;
  • Университеттің позитивті бейнесін арттыру мақсатында танытым материалдарын дайындап, роликтер түсіреді. Жыл сайын «Талапкер» газетін шығарады;
  • Дарынды және шет тілдерін жетік меңгерген талапкерлерді университетке тарту мақсатында арнаулы мектеп-гимназиялармен, оның ішінде Назарбаев зияткерлік мектебі, Дарын мектебі, «Білім – инновация» мектеп-лицейі т.б жүйелі байланыстар орнатады;
  • Оқуға қабылдаудағы сапаны көтеруге бағытталған «Ашық есік» күндерін, экскурсияларды ұйымдастырып, өткізеді.

Шотарбаев Бағлан Тәңірбергенұлы

Жетекші маман

Адрес: Түркістан, ОҚО, Б.Саттарханов данғылы, 29 №2 оқу корпусы — кабинет №218

Телефон:  +7 (72533)  6-36-90

E-mail:  baglan.shotarbayev@ayu.edu.kz

Рахматуллаева Гульнара Бегларбекқызы

Жетекші маман

Адрес: Түркістан, ОҚО, Б.Саттарханов данғылы, 29 №2 оқу корпусы — кабинет №218

Телефон:  +7 (72533)  6-36-90

E-mail:  gulnara.rakhmatullayeva@ayu.edu.kz

Байдраманова Калипа Бекмағанбетқызы

Жетекші маман

Адрес: Түркістан, ОҚО, Б.Саттарханов данғылы, 29 №2 оқу корпусы- кабинет №218

Телефон: +7 (72533)  6-36-90

E-mail: kalipa.baidramanova@ayu.edu.kz