Кентау институты

  • Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы Б.Момышұлы көшесі №65
  • +7 (72536) 35745

Кентау институты 1993 жылы құрамында Медицина және Экология факультеті бар Кентау бөлімшесі болып ашылды.1994 жылы Кентау бөліміне Өнер факультеті қосылды. Бөлімшенің алғашқы вице-президенті – м.ғ.д, профессор М.Рысұлы. Одан кейін бұл қызметті м.ғ.д., профессор, академик А.Рақышов, х.ғ.д., профессор А.Баешов, м.ғ.к. доцент Ы.Молдалиев атқарды. 2003-2008 жылдар аралығында профессор Ж.К.Оналбек, 2008-2013 жылдар аралығында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.Қ. Мухамеджанов, ал 2013 жылдың қараша айының бірінші жұлдызынан бастап педагогика ғылымдарының докторы, профессор К.М. Беркимбаев Кентау институтының директоры қызметін атқаруда.

Кентау институтының құрамында жалпы 94 қызметкер 4 құрылымдық бөлімдерде жұмыс жасайды. Әкімшілік құрамында 3, Жалпы бөлімде 13, Тәрбие бөлімінде 12, Бухгалтерияда 3, Шаруашылық бөлімінде 63 көмекші қызмет көрсетушілер бар.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-іне шетелдегі қазақ диаспорасы мен оралмандары үшін және шетелден келген талапкерлер мен Түркия грантына түскендер Кентау институтында Дайындық факультетінде оқиды. Осы күнге дейін екі мыңға жуық тындаушылар дайындалды. Оларға 1 педагогика ғылымдарының докторы профессор, 3 филология ғылымдарының кандидаттары, 11 аға оқытушы, 28  магистр оқытушы, 18  оқытушы дәріс береді.Институттың материалдық-техникалық базасы, мамандар әлеуеті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай, білімгерлерге білім алуына толық жағдайлар жасалынған.  Институтта білімгерлерге 3 оқу ғимараты, жаңа үлгідегі спорт және тренажер залдары, интернет жүйесіне қосылған компьтерлік сыныптар, оқу үдерісін жүргізуге арналған заманауи электронды оқулықтар, мультимедиялыққұрылғылар, интерактивті тақталар, 50 оқу дәрісханасы бар. Факультетте студенттер мен тыңдаушыларға арналған 400 орындық жатақхана, медициналыққызмет көрсету орны, кітапхана, асханалар бар. Интернет желісіне қосылған электронды оқу залдары қызмет көрсетуде.Институттың кітапхана қорында  20 мыңға жуық кітап жинақталған. Кітап қорының молаюы студенттер мен тыңдаушылардың білім алуына мол мүмкіндік береді.

Институттың мақсаты — Елбасы Жолдауында көрсетілген үш тұғырлы тіл мәселелерін оңтайлы шешуге үлкен септігін тигізу мақсатында тыңдаушыларға қазақ тілін міндетті түрде азаматтық борышы ретінде, түрік тілін университетіміздің мәртебесіне сәйкес білімін тереңдету мақсатында,  орыс тілін ұлтаралық қатынас құралы ретінде, ал ағылшын тілін халықаралық қатынасты дамыту тілі ретінде меңгерту.