Әбсеметов Ахметжан Әбcадықұлы
Бөлім басшысы

Құқықтық және экономикалық қадағалау басқармасының қызметі:

Университет қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді, университеттің мүліктік және өзге де заңдық құқықтары мен мүдделерін құқықтық жолдармен қорғайды, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын насихаттайды, нормативтік актілердің, бұйрықтардың, шешімдердің, құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобасын дайындауға қатысады.

Құқықтық және экономикалық қадағалау басқармасының құзыреті:

Университеттің барлық құрылымдық бөлімдерінің қызметіндегі құқықтық жұмыстың жағдайын заңдылықтың орындалуын тексеруге.

Құқықтық және экономикалық қадағалау басқармасының негізгі міндеттері:

1. Құқықтық мәселелерді қарау кезінде сотта және өзге органдарда белгіленген тәртіппен университеттің мүдделерін қорғауға.

2. Университет Президентіне қол қоюға ұсынылатын бұйрықтар, нұсқаулар, шарттар және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жобаларының қолданыстағы заң талаптарына сәйкестігін тексеруге және осы құжаттарға белгі соғуға. Аталған құжаттардың жобалары қолданыстағы заң талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, оларға белгі соқпай, әдетте үш күн мерзім ішінде оларды шешудің заңды тәртібі туралы ұсыныспен жазбаша қорытынды беруге.

3. Шағымдық – талаптық жұмысты ұйымдастыруға және жүргізуге. 4. Шаруашылық шарттарды дайындауға қатысуға және оларға белгі соғуға.

5. Шарттардың, келісімдердің дайындалу және орындалу тәжірибесін, сондай-ақ шағымдардың қаралу нәтижелерін талдайды және қорытындылайды, басшылыққа анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар беруге.

6. Еңбек тәртібін нығайту жөніндегі шараларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысуға.

7.Талан-таражға салу, бас пайдасы үшін қиянат жасау, кем шығу және өзге құқық бұзушылықтар туралы тиісті қызметтер дайындаған (тексеру, бухгалтерлік-қаржылық және т.б) материалдарды тергеу, сот орындарына беру үшін заңды ресімдеуді жүзеге асыруға.

8. Университетке келтірілген материалдық зиянның орнын толтыру жөніндегі жұмыста бухгалтерлік (қаржылық) қызметке құқықтық көмек көрсетуге.

9. Барлық шұғыл кеңестерге қатысады.

10. Қолданыстағы заңдарды насихаттау жөнінде жұмыс жүргізеді.

11. Университеттің құқықтық жұмыстарына әдістемелік басшылық етуге.

12. Университет, құрылымдық бөлімдер қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер жөнінде кеңестер, қорытындылар, мәліметтер береді.

13. Университет қызметкерлерін тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту жөніндегі ұсыныстарға қорытынды дайындайды.

14. Университет басшылары тарапынан шыққан актілерге өзгертулер енгізу жөнінде ұсыныс беруге.

15. Университет Президентіне белгіленген тәртіпппен ұсыну үшін университеттің құқықтық жұмысы туралы есебін дайындауға.

жетекші заңгер

Парманкулов Азамат Рашович

заңгер

Жұмабеков Бекжан Бауыржанұлы

заңгер

Баймаганбетова Жанар Алипбекқызы

заңгер

Мусаева Мадина Дауренбековна

заңгер

Мусаханов Ғани