МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

Ғылыми бағыты

«Қолайсыз жағдайдағы негізгі аурулардың даму ерекшеліктері: эпидемиология, профилактика, диагностика және емі»

  • Қолайсыз аймақтағы аурулардың даму, таралу және клиникалық көріністерінің ерекшеліктерін зерттеу арқылы диагностикасын, емдеу тәсілдерін жетілдіру және оны практикалық медицина тәжірибесін енгізу. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қолайсыз аймақтағы аурушаңдыққа әкелу себептерінің алдын-алу шараларын жүргізу.
  • Магистрлік, докторлық диссертация қорғалу, ғылыми конференцияның ұйымдастырылуы. Әдістемелік нұсқа шығарылуы.
  • Қолайсыз аймақтағы аурулардың алдын-алу мақсатында шұбаттың емдік қасиетін арттыратын, қант деңгейін төмендету қасиетіне ие дәрілік сығындылармен үйлескен, қант диабетіне қарсы емдік профилактикалық жаңа қышқылды сүт биопрепараты әзірленетін болады.
  • Экологиялық қолайсыз аймақтарда туылған және өмір сүретін қызбалалар мен жасөспірім қыздардың соматикалық, репродукциялық жүйесінің аурулары және қыздардағы жыныстық жетілуді бағалау жайлы жаңа мәліметтер алынады.
  • 161200, Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы, Б. Саттарханов даңғылы 29 ,№2 ғимарат – кабинет №414А
  • 8(72533) 6-35-11
  • medservis@ayu.edu.kz