
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ
Институттың ашылуы туралы шешім 2014 жылдың маусым айының 24-ші жұлдызындағы университеттің Өкілетті Кеңесінде қабылданды, жұмысын осы жылдың қазан айының 1-ші жұлдызынан бастады. Институт штаты үш бірліктен тұрады: директор, директор орынбасары және хатшы. Бекітілген институт құрылымына сәйкес алдағы уақытта үш зертхана ұйымдастырылуы жоспарлануда: физика, электр энергетика зертханасы, математикалық модельдеу зертханасы, ақпараттық технологиялар зертханасы.
- 161200, Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы, Б. Саттарханов даңғылы № 29 ректорат, 507 бөлме.
- +7 (72533) 6-36-04
- ayu-habarlari@ayu.edu.kz