• Шымкент қаласы А.Байтұрсынов көшесі 7/7
  • +7 (7252) 55-10-11

Жоғары  медициналық  білімінен кейінгі білім  беру институты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 08.07.2009ж. №1037 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының кейбір мәселелері туралы» қаулысын іске асыру мақсатында Шымкент қаласында 2009ж. қыркүйек айының 1-жұлдызынан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік ниверситетінің оқу клиникалық базасы  болып ашылды. Ал 12.09.2014 ж. Сенат мәжілісінің 3.7 шешіміне сәйкес, 2014-2015 оқу жылынан бастап аталмыш база Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент медицина институты болып аталды, 15.08.2018ж. өткен  Сенатының шешіміне сәйкес жүргізілген  құрлымдық  өзгерістер нәтижесінде 2018-2019 оқу  жылынан  бастап оқу  орнынның  атау  Жоғары  медициналық  білімінен кейінгі білім  беру институты  болып  өзгертілді.

Институтты  қазіргі  таңда PhD философия  докторы директордың  ұйымдастыру  ісі  жөніндегі орынбасары Жанабаев Нурлан Смадияр ұлы  басқаруда.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Жоғары  медициналық  білімінен кейінгі білім  беру институтында білім алушыларды даярлаудың сапалы ғылыми-әдістемелік деңгейін қамтамасыз ететін жоғары білікті кадрлар жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда институтта барлығы 224 ОПҚ жұмыс жасайды, Барлық оқытушы-профессор құрамының ішінде 19 медицина ғылымдарының докторы,  66 медицина ғылымдарының кандидаты, 3 PhD  жұмыс жасайды.

Жоғары  медициналық  білімінен кейінгі білім  беру институтында, факультет қарамағында 10 кафедрасында білім беру үдерісі іске асырылуда.

Директорат, Бухгалтерия, Кітапхана, Жоғары  медициналық  білімінен кейінгі білім  беру факультеті, Оқу үдерісін  ұйымдастыру бөлімі, Офис-тіркеуші, Тестілеу және бақылау бөлімі, Жастар комитеті, Шаруашылық бөлімі, Мед. бекет  және  қоғамдық негізде Этикалық және тәртіптік кеңес, Тәуелсіз кәсіподақ ұйымы, жұмыс жасайды. Жоғарыда көрсетілген барлық құрылымдық бөлімдер Университеттің тиісті салаларымен тығыз байланыста жұмыс атқарып келеді.

факультет деканы

Сариева Айнұр Әнуарқызы

Институт директорының ұйымдастыру  ісі  жөніндегі орынбасары

Жанабаев Нурлан Смадиярұлы