бөлім басшысы

Шахатова Айшолпан Имамжановна

ІС-ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ МАНСАП БӨЛІМІ

Іс-тәжірибе және мансап бөлімінің қызметі:
Іс-тәжірибе және мансап бөлімі білім алушылардың кәсіби іс-тәжірибелерін ұйымдастыру және олардың өтуін қамтамасыз етеді және бітірушілердің жұмысқа орналасуына ықпал етіп, кәсіби дамуы мен мансаптық (карьералық) өсуіне көмек көрсету, бағыт беру, бақылап отыру.
Іс-тәжірибе және мансап бөлімінің құзіреті:
Іс-тәжірибе және мансап бөлімі университет білім алушыларының кәсіби іс-тәжірибесін ұйымдастырады, бітіруші курс білім алушыларының жұмысқа орналасуына ықпал етеді, түлектер статистикасын жасайды.
Іс-тәжірибе және мансап бөлімінің негізгі міндеттері:
— Еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарымен университет бітіруші түлектерін жұмысқа орналастыру механизмін анықтау;
—  Факультет, кафедралармен, жұмыс беруші мекемелермен ақпараттық байланыс орнату;
—  Ғылым мен техниканың дамуына байланысты жаңа технологияны меңгеру барысында жұмыс сапасын жоғары көтеруде үнемі ізденісте болу;
— Бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін, компания мен фирмалар презентацияларын ұйымдастыру;
— Университет студенттерін түрлі компаниялардың мақсатымен, қызмет түрлерімен таныстыру және жұмыс берушілердің қанағаттану деңгейін білу үшін сауалнамалар жүргізіп, оған талдау жұмыстарын жүргізіп отыру;
— ҚР БжҒМ, ДСМ, Облыстық білім, Денсаулық сақтау басқармаларымен байланыс орнатып, бітірушілерді жұмысқа орналастырудың алдын ала шараларын ұйымдастырып отыру;
— Студенттердің түрлі мекеме, компаниялардың бос жұмыс орындары бойынша карьералық өсу мүмкіншіліктері туралы ақпараттармен қамтамасыз ету;
— Жұмысқа орналасуда студенттер мен бітірушілерге жеке кеңес беріп отыру;
— Сертификат алуға мүмкіндігі бар түрлі семинар-тренингтер (бизнес-тренинг, іскерлік ойындар, психологиялық тренинг т.б) ұйымдастыру;
— Студенттер мен жұмыс берушілер арасында қанағаттанарлық деңгейін анықтау мақсатында сауалнамалар жүргізіп отыру;
—  Бітірушілер арасында Сауалнама жүргізу және оған талдау жасау;
— Жұмысқа орналасқан түлектердің мониторингін анықтау;
— Басқа ЖОО-ның түлектерді жұмысқа орналастыру бағытында іс-шараларды қолдану әдістерін зерттеу және олардың тиімді жұмыстарын қолданысқа енгізу жөнінде ұсыныстар жасап отыру;
—  Бітірушілер туралы жалпы мәліметтерді жинақтап, үйлестіріп отыру.
—  Электронды резюмелерді дайындап, сайтқа енгізу;
—  Кәсіптік практикалардың ұйымдастыру, жабылу, қорытындылау конференцияларына қатысу;
— Кәсіптік практика есебін қабылдауға қатысу және қорытынды хаттамаларын жинақтау;
— Түлектердің жұмысқа орналасуын МЗТО-мен (ГЦВП) тексеру арқылы анықтау.

ЖЕТЕКШІ маман

Жаздыкбаева Тоты Амиркуловна

ЖЕТЕКШІ маман

Жапанова Гулжамал Булдырыковна

ЖЕТЕКШІ маман

Рамберді Лайла