Сәдібеков Асқат Кеңесұлы
Орталық басшысы

2013 жылы ашылған Ақпарат орталығы университеттің мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етіп келеді. БАҚ-тарда ресми хабарлардың жедел тарауы – Ақпарат орталығының басты міндеттемесі, жұмылдырушы қызметінің айқын көрінісі.

Ақпарат орталығы – университеттің барлық бағыттары бойынша ақпараттандырумен айналысады. Орталық — БАҚ арқылы оқу орнының беделін арттырып, дұрыс пікір қалыптастыру жолында еңбек етеді. Олардың ең негізгілерінің ішінде:

  • Оқу орданың оң имиджін қалыптастыру;
  • Университетті таныту;
  • Заманауи әдіс-тәсілдер, қолжетімді технология, ғаламтор арқылы көптеген оқырмандарға ақпарат жеткізу;
  • Республикалық, облыстық басылымдармен келісім-шарт жасау;
  • Баспасөз конференцияларын ұйымдастыру, күнделікті ағымдағы үздіксіз жұмыстар болып табылады.

Университетте атқарылған іс-шараларды, жаңалықтарды әлеуметтік желілерге (fasebook, twitter, В контакте, google+) тұрақты жариялап, ондағы ақпараттарды жаңартып отырады. Сонымен қатар, университет басшысының атынан мерекелік тілектер, құттықтаулар, мерейтойлық адресаттар, көңіл айтулардың мәтіні дайындалады.

маман

Оспанова Балтагүл Оспанқызы

Редактор

Маманова Гүлнара Зұлпыхарқызы

Журналист

Мыңбаева Динара Жұмағалиқызы

фото-кино режиссер

Искаков Нуритдин Икрамұлы