Исмайлов Арман Сансызбаевич
Орталық басшысы

Ахмет Ясауи университетіндегі білім алушыларға мол жетістіктерге жету үшін біздің университетте барлық жағдай жасалған. Студенттердің өзін-өзі басқаруы – бұл өз бетінше қоғамға айырықша мән беріп алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес өз өмірінде ұжымдық қызметтерді жүзеге асыруы. Студенттің өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру академиялық топ деңгейінде және факультетте жүзеге асырылады.

Сонымен, студенттердің тәрбиесі мен жеке тұлғасын дамыту үшін атқарылатын негізгі шарттарды талдай келе мынандай қорытындылар шығаруға болады:

  • университетте қызметі жағынан тәрбие жұмысына жауап беретін білікті әкімшілік жүйе құрылған;
  • студенттердің сабақтан тыс қызметін ынталандыратын қаржылық механизм жұмыс істейді;
  • студенттердің тұлғалық ерекшеліктерін дамытудың шарттары ретінде патриоттық, имани, адамгершілік сапасын қалыптастыратын жүйе құрылған;
  • суденттік өзін-өзі басқарудың органдары белсенді жұмыс істейді.