500 білім гранттары

Жыл сайын жаңа оқу жылында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне Түркия Республикасы тарапынан 500 грант бөлінеді.
ҰБТ-ға және кешенді тестке қатысып, жоғары ұпай жинап, Қазақстанның мемлекеттік білім беру грантына түсе алмаған талапкерлерге 500 орын бөлінеді.

Бұл орындарға министрліктің тізімі бойынша Қазақстанның барлық облыстарынан мынадай артықшылықтары бар талапкерлер қабылданады: «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық пәндік олимпиада жүлдегерлері, әлем, Азия, республика деңгейлерінде жүлдегер атанған спорт саңлақтары. Әке-шешесі қайтыс болған тұл жетімдер мен мүгедектер талапкерлер де арнайы бөлінген орындардан қалған гранттық орындарды иелене алады.

Бұлардан қалған орындар конкурсқа құжат тапсырған талапкерлерге конкурстық негізде беріледі.