Жиі қойылатын сұрақтар

Қажетті құжаттар тізімі төмендегідей:
1. Белгіленген үлгідегі бланкте өтініш;
2. Білімі туралы құжат (диплом немесе аттестат) (түпнұсқа);
3. ҰБТ немесе КТ сертификаты;
4. Жеке басын куәландыратын құжат (көшірме);
5. 3х4 көлемдегі фотосурет – 4 дана;
6. 086-У нысандағы медициналық анықтама;
7. Талапкер жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжаттар, егер ие болса;
8. Конверт (өлшемі А5) – 1 дана;

Талапкердің кешенді тестілеуіне (ТКТ) қатысу үшін өтініш 2017 жылдың 25 мамыр мен 25 маусым аралығында қабылданады. ТКТ емтихандары 1 шілдеден бастап 20 шілдеге дейін тапсырылады.

Қажетті құжаттар тізімі төмендегідей:

1. Белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
2. Білімі туралы құжат (диплом немесе аттестат) (түпнұсқа);
3. Кешенді тест сынағын өткiзуге қажеттi ақыны төлегенi туралы түбiртек (квитанция);
4. 3х4 көлеміндегі фотосурет – 2 дана;
5. 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
6. Жеке басын куәландыратын құжат (көшірме);
7. Конверт (өлшемі А5) – 1 дана.

Білім беру гранттарын жөніндегі байқауының нәтижесі белгілі болғаннан кейін, грантқа ие болмаған талапкерлер қатыса алады. Университеттің қабылдау комиссиясына мемлекеттік грантқа тапсырған құжаттарын тапсырулары тиіс. Конкурс талапкердің университеттегі мамандықтар арасынан беиіндік пәндеріне сәйкес 4 мамандықты таңдау арқылы жүргізіледі.

Жалпы байқау негізінде жоғары көрсеткіш көрсетіп түркия грантын жеңіп алған талапкерлер Дайындық курсына қабылданады.

Сұрақ қою

Егер сіз іздеген сұраққа жауапты таппасаңаз, өзіңіздің сұрағыңызды қойңыз