Қабылдау ережелері

Түркі тілдес елдер мен туыстас қауымдастықтар гранты 

Түркі тілдес елдер мен туыстас қауымдастықтар грантына Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын түркі тілдес ұлт өкілі болып табылатын азаматтар өтініш бере алады. Әр оқу жылы үшін студент (тыңдаушы) іріктеу жұмыстары жүргізілетін елдер мен қауымдастықтар және осы елдер мен қауымдастықтардың студент (тыңдаушы) контингенттері Ректораттың ұсынысы негізінде Өкілетті Кеңестің шешімімен наурыз айына дейін анықталады.

Түркия Республикасының студенттеріне (тыңдаушы) арналған студент (тыңдаушы) іріктеу жұмыстары ӨІОО тарапынан СІОЖ-мен жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасынан басқа елдерден университетке қабылданатын студенттер (тыңдаушы), ректорат тарапынан құрылған Қабылдау комиссиясы ұсынысымен Ұйымдастыру комиссиясы қабылдаған емтихандар нәтижесімен іріктеледі.

Жоғарыда атап өткен грант негізінде оқуға қабылданатын студенттерден басқа, Тарап мемлекеттерден немесе өзге елдерден ақылы негізде студент (тыңдаушы) қабылдауға болады. Түркия Республикасының азаматы болып табылатын студенттер (тыңдаушы) ӨІОО тарапынан ұйымдастырылатын СІОЖ арқылы орналастырылуы тиіс. Ақылы негіздегі студенттер (тыңдаушы) контингенті Ректораттың ұсынысы негізінде Өкілетті Кеңестің шешімімен белгіленеді. Ақылы негізде оқуға қабылданған студенттер (тыңдаушы) Дайындық факультетімен қоса барлық курстарды ақылы негізде оқиды. Студенттердің (тыңдаушы) оқуға төлейтін төлемақысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Ректорат тарапынан анықталады. Ақылы негізде оқитын студенттерді (тыңдаушы) іріктеу жұмыстары жоғарыдағы тәртіп бойынша Ректорат тағайындаған Ұйымдастыру комиссиясы тарапынан жүргізіледі. Ақылы негізде оқуға қабылданған студенттерге (тыңдаушы) университет тарапынан шәкіртақы және жол ақы төленбейді.

Университетке оқуға қабылданатын шетелдік студенттердің (тыңдаушы) Қазақстан Республикасындағы немесе Түркия Республикасындағы орта мектепті және соған деңгейлес (тең) оқу орындарын бітірген болуы керек.

Студент (тыңдаушы) іріктеу жұмыстары әр жылдың қаңтар-шілде айларының ішінде жүргізіледі.