Қажетті құжаттар
Талапкер қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге келесі құжаттарды тапсырады:
- ЖОО қабылдау туралы өтініш;
- Білімі туралы құжат (диплом немесе аттестат), (түпнұсқа, сонымен қатар 2 көшірмесі);
- Жеке басын куәландыратын құжат (2 дана көшірме);
- 3х4 көлеміндегі фотосурет – 6 дана;
- 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
- 063 нысандағы медициналық анықтаманың көшірмесі (егуді тіркеу анықтамасы);
- ҰБТ немесе КТ сертификаты (түпнұсқа, сонымен қатар 2 көшірмесі);
- Білім беру гранты тағайындалғаны туралы куәлік (грант игерлері үшін);
- Келісім шарт (ақылы негізде тапсырғандар үшін) – 3 дана; Ақылы оқитындар 1 жылдық төлем ақының 25 % төлегендігі туралы түбіртектің (квитанция) көшірмесі
- Скоросшиватель – 1 дана;
- Конверт (өлшемі А5) – 1 дана.
Қосымша: Басым құқыққа ие екендігін растайтын құжаттар тізімі.
— Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жарыстар мен халықаралық олимпиадалар жеңімпаздары.
— 1 және 2 топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;
— Жеңілдікке теңестірілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соғыс мүгедектері.
— Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар.
— Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдері.