Түркия квотасы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ең жоғары басқару органы – Үкіметаралық Өкілетті кеңес шешіміне сәйкес (54-мәжіліс, 05.05.2017 ж.) 2017-2018 оқу жылына жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру саласы бойынша төменде көрсетілген Түркия квотасы (білім беру гранты) бөлінді:

  1. Магистратура мамандықтарына – 20 (жиырма) Түркия квотасы.
  2. Резидентура мамандықтарына – 5 (бес) Түркия квотасы.
  3. Докторантура мамандықтарына – 10 (он) Түркия квотасы.

Ескерту: жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша бөлінген Түркия квотасы (білім беру гранты) мамандықтарға қарай қабылдау комиссияның шешімі негізінде бөлінеді.