Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 2018-2019 оқу жылына түркі тілдес елдер мен туыстас қауымдастықтардан талапкерлерді қабылдайтынын хабарлайды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 2018-2019 оқу жылына түркі тілдес елдер мен туыстас қауымдастықтардан бакалавриат бағдарламасы бойынша талапкерлерді қабылдайтынын хабарлайды. Студенттерге шәкіртақы қарастырылған.

Өтініштер тек интернет желісі арқыла ғана онлайн түрде қабылданады.

Өтініште таңдаған мамандық көрсетілмейді. Мамандық таңдау оқу жылы соңында шешуші емтихан нәтижесіне байланысты жүргізіледі.

Мемлекеттер
Әзірбайжан
Түркіменстан
Қырғызстан
Өзбекстан
Өзбекстан (Қарақалпақстан)
Моңғолия
Молдова (Гагаузия)
Қытай Халық Республикасы (ұйғыр)
Дағыстан, РФ
Кабардин-Балкария, РФ
Қарашай-Черкесия, РФ
Алтай, РФ
Хакасия, РФ
Сібір, РФ (Шория)
Тыва, РФ
Башқұртстан, РФ
Чувашия, РФ
Татарстан, РФ
Саха (Якутия), РФ
Басқа елдер

 

Онлайн тіркелу талабы

Интернет желісі арқылы өтініш беруші, 2018 жылы маусым айының 30-ына дейін admission.ayu.edu.kz сайты арқылы қажетті өтініш формасын толтыруы, қажетті құжаттарды сканерлеп (jpg немесе pdf форматта) жіберуі тиіс.

Өтініштерді қабылдау мерзімі: 01.06.201830.06.2018

Қажетті құжаттар тізімі:

1) Төлқұжат;

2) Аттестат (Диплом);

3) Транскрипт (Диплом қосымшасы);

4) Ұсыным хат;

5) Уәждемелік хат;

5) Фотография – 1 дана, соңғы 6 ай ішінде түсірілген.

Егер бар болса:

  • Мемлекеттік емтихан сертификаты;
  • Алғыс хат;
  • Грамота;
  • Сертификат.

 

Жалпы талаптар:

—  Қазақстан Республикасы немесе Түркия Республикасының орта білім бағдарламасына сәйкес базалық білімінің болуы;

—  Түркі тілдес елдер мен туыстас қауымдастықтардың (Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасынан басқа) азаматы болуы.

Өтініштерді қарау және қабылдау

Қабылдау комиссиясы 01.07.2018-15.07.2018 күндері аралығында құжаттарды сараптайды. Іріктелген талапкерлерден 16.07.2018-25.07.2018 күндері аралығында онлайн емтихан қабылданады. Емтихан сұрақтары 4 тілде (қазақ, түрік, ағылшын, орыс) беріледі. Талапкер емтихан тілін өзі таңдайды.

Қабылдау комиссиясының шешімінен кейін университеттің Дайындық факультетіне қабылданған студенттерге электронды поштаға қабылданғандығы туралы хабарлама жіберіледі. Қабылдау комиссиясы жұмысының жалпы қорытындысы қосымша университеттің ayu.edu.kz, ayu.edu.tr веб-сайттарында тамыз айының алғашқы аптасында жарияланады.

Қазақстанның визалық жұмыстары

Қазақстан виза талап ететін студенттер оқу визасын алу жұмыстарын бастайды. Университеттің арнайы бөлімі қабылданған студенттерге электронды пошта арқылы виза номерін хабарлайды. Виза жұмыстарын тездету үшін оқуға қабылданған студенттер ең қысқа мерзімде (10.08.2018 дейін) паспорт көшірмесін төменде берілген адреске жіберуі тиіс. Паспорт немесе жеке куәлік көшірмесінің жеке мәліметтері мен жарамдылық мерзімі (жарамдылық мерзімі ең азы 2 жыл болуы тиіс) бар беті болуы міндетті. Студент визаны өзіне жіберілген номермен жергілікті Қазақстан Республикасының елшілігінен алады. Әртүрлі себептермен Қазақстан визасын ала алмаған студенттер университетке оқуға қабылданбайды.

Анықтама және кеңес

Ахмет Ясауи университеті

Дайындық факультетінің деканы Ахмет ГҮНГӨР

Б.Момышұлы көшесі, №65

Кентау, ҚАЗАҚСТАН

Teл.: +77711394746, E-mail: gungorelda@hotmail.com

Ахмет Ясауи университеті

Дайындық факультетінің декан орынбасары Жанат САДУОВА

Б.Момышұлы көшесі, №65

Кентау, ҚАЗАҚСТАН

Teл.: +77016551145, E-mail: zhanat.saduova@ayu.edu.kz

БІЗДІҢ УНИВЕРСИТЕТ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы Үкіметтерінің Халықаралық келісім шарты негізінде құрылған. Университеттің бас ғимарттары Түркістан қаласында орналасқан, ал басқа ғимараттары Кентау қаласында.

Университет қабырғасында 15 мыңға жуық студент білім алуда. 922 оқытушы-профессор құрамы жұмыс істейді. Университетте білім 8 факультетте беріледі. Олар: Инженерия факультеті, Жаратылыстану факультеті, Гуманитарлық ғылымдар факультеті, Әлеуметтік ғылымдар факультеті, Филология факультеті, Өнер факультеті, Стоматология факультеті және Медицина факультеті. Аталған факультеттерде төмендегідей мамандықтар оқытылады:

р/с коды Мамандықтар атаулары
1 5В010100 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
2 5В010200 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
3 5В010300 Педагогика және психология
4 5В010400 Бастапқы әскери дайындық
5 5В010600 Музыкалық білім
6 5В010700 Бейнелеу өнері және сызу
7 5В010800 Дене шынықтыру және спорт
8 5В010900 Математика (педагогикалық математика)
9 5В011000 Физика (педагогикалық физика)
10 5В011100 Информатика(педагогикалық информатика)
11 5В011200 Химия
12 5В011300 Биология (педагогикалық биология)
13 5В011400 Тарих
14 5В011600 География
15 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті
16 5В011800 Орыс тілі мен әдебиеті
17 5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі
18 5В012000 Кәсіптік оқыту
19 5В020100 Философия
20 5В020200 Халықаралық қатынастар
21 5В020300 Тарих
22 5В020500 Филология (Қазақ тілі мен әдебиеті)
23 5В020600 Дінтану
24 5В020700 Аударма ісі
25 5В020800 Археология және этнология
26 5В021000 Шетел филологиясы
27 5В021100 Теология
28 5В030100 Құқықтану
29 5В040300 Вокалдық өнер
30 5В040400 Дәстүрлі музыка өнері
31 5В040700 Актерлік өнер
32 5В040900 Хореография
33 5В041700 Cән өнері
34 5В042100 Дизайн
35 5В050100 Әлеуметтану
36 5В050400 Журналистика
37 5В050600 Экономика
38 5В050700 Менеджмент
39 5В050800 Есеп және аудит
40 5В050900 Қаржы
41 5В051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару
42 5В060100 Математика (ғылыми математика)
43 5В060200 Информатика (ғылыми информатика)
44 5В060400 Физика (ғылыми физика)
45 5В060700 Биология (ғылыми биология)
46 5В060800 Экология
47 5В070200 Автоматтандыру және басқару
48 5В070300 Ақпараттық жүйелер
49 5В070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
50 5В071800 Электр энергетикасы
51 5В073100 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
52 5В090200 Туризм
53 5В130100 Жалпы медицина
54 5В130200 Стоматология

ДАЙЫНДЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

Университетте білім қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі. Түркі тілдес елдер мен туыстас қауымдастықтардлан келген студенттер Дайындық факультетінде қазақ, түрік және орыс тілдерін оқып үйренеді. Мамандық таңдау жыл соңында жинаған ұпайларына байланысты жүргізіледі. Қазақ және түрік тілдерінен қажетті ұпай жинай алмаған студенттер университеттен студент қатарынан шығарылады.

ШӘКІРТАҚЫ ЖӘНЕ ОҚУ АҚЫСЫ

Түркі тілдес елдер мен туыстас қауымдастықтардан келген ақысыз оқуға қабылданған студенттерге жол шығыны барып келуге жылына бір рет төленеді. Ахмет Ясауи университетінде оқу тегін. Басқа барлық шығындар студенттің өз есебінен төленеді. Студенттерге 100 АҚШ доллары шамасында шәкіртақы беріледі.

СТУДЕНТТЕР ЖАТАҚХАНАСЫ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ыңғайлы заманауи студенттік жатақханалары бар. Орташа сыйымдылығы 650 орындық ерлер мен қыздар жатақханасы бір бірінен бөлек орналасқан. Сонымен қатар, бұдан басқа түркістан және Кентау қалаларында студенттік жатақханалар бар. Дайындық факультетінің студенттері жатақханада тұруы міндетті. Дайындық фаультетін бітірген соң өзінің қалауы бойынша пәтер жалдай алады. Жатақхананың жылдық ақысы 70 АҚШ долларын құрайды.

АСХАНА

Университет қалашығында заманауи талаптарға сай жаңа құрылғылармен жабдықталған 400 орындық студенттер асханасы орналасқан. Мұнда студенттерге әртүрлі тағамдар ұсынылады. Студент 4 түрлі тағамнан тұратын орташа түскі асқа 1,5 АҚШ долларын жұмсайды.

ИНТЕРНЕТ

Түркістан қаласында орналасқан университет қалашығының бас ғимаратында сымсыз интернет жүйесі жұмыс істейді. Студенттер кез келген нүктеден (жатақхананы да қоса алғанда) интернетке еркін қол жеткізе алады.

КІТАПХАНА

Университеттің 4 қабатты жеке кітапханасы бар. Ғылыми кітапханада миллионға жуық қазақ, орыс, түрік, ағылшын және басқа да көптеген тілдерде кітаптар бар. Кітапханада күніне 2500 адамға қызмет көрсететін интернет сыныптары жұмыс істейді. Сонымен қатар, энциклопедиялар мен электронды оқулықтар қоры бар.

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Студенттер заманауи медициналық көмек алу үшін қажетті жағдайлар жасалған. Тәулік бойы студенттердің денсаулығын қадағалайтын медициналық орталық жұмыс істейді. Алғашқы медициналық көмек пен дәрілер тегін беріледі.