Жиі қойылатын сұрақтар-шетелдік

Түркі тілдес елдер мен туыстас қауымдастықтар гранты.

ТТЕ грант Қазақстан мен Түркия азаматы болып табылмайтын, орта білімі не жоғары білімі бар түркі тілдес ұлттарға беріледі.

Сіз өтінішті тек интернет арқылы бере аласыз. Интернет арқылы тапсырылмаған құжаттар қабылданбайды.

Қазақстанда орта білім алған шетел азаматтары ТТЕ грантына өтініш бере алмайды.

Дайындық факультетінде оқып жүргенде мамандық таңдайсыз және оқу жылын сәтті аяқтаған жағдайда таңдаған мамандығыңыз бойынша біліміңізді жалғастырасыз.

ТТЕ грант иегері дайындық курсын оқуы міндетті.

Дайындық факультетінде тыңдаушыларға қазақ және түрік тілдері оқытылады.

ТТЕ грант иегері тегін білім алады және білім алғаны үшін ешқандай өтемақы төлемейді.

Дайындық курсында 18000 тг жақын шәкіртақы алады. 1-курстан бастап 25000 тг жуық шәкіртақы алады.

Жылына 1 рет келіп-кетуге жолақы Өкілетті Кеңес басқармасы бекіткен тариф бойынша төленеді және оған ешқандай құжат талап етілмейді.

Паспорттың аяқталу мерзімі ең аз 2 жыл болуы тиіс және 01.08.2016 күніне дейін паспорт мерзімін ұзартып, бізге жіберуіңіз керек.

Визалы мемлекеттерден келетін ТТЕ грант иегерлеріне университет тарапынан сол елдегі немесе жақын қаладағы Қазақстан елшіліктеріне визалық шақырту жіберіледі.

ТТЕ грант иегерлері міндетті түрде шетелге шығу паспортымен келуі тиіс.

Жатақхананың төлемақысы 10 айға 22000 тг.

ТТЕ грант иегерлері 100% жатақханамен қамтамасыз етіледі.

Сұрақ қою

Егер сіз іздеген сұраққа жауапты таппасаңаз, өзіңіздің сұрағыңызды қойңыз