Ашық дәріс өткізілді

Жуырда, Ахмет Ясауи университеті, Жаратылыстану факультеті «Физика» кафедрсының аға оқытушысы х.ғ.к . М.Қ.Түйебаев физика мамандығының студенттеріне арналған «Атомдағы электрондардың қабаттар мен қабықтар бойынша үлестірілуі» тақырыбында инновациялық тәсілдерді пайдалана отырып ашық сабақ өткізілді.

Сабаққа п.ғ.д., профессор Г.Г. Еркибаева, факультеттің ОӘК төрайымы, техн.ғ.к. Э.К.Ибрагимова, кафедра меңгерушісі Т.А.Тұрмамбеков, аға оқытушылар – С.М.Бекбаев, Ө.Ж.Абдуманапов, д.м.а.- А.Н.Құрмантаев, Ә.Қ. және докторант, магистрлар қатысты.

Сабақ студенттерді топқа бөлу, топ ережесімен таныстырумен басталып, олардың зейінін «Миға шабуыл» әдісі арқылы шоғырландырылды. Студенттер өздеріне берілген тапсырманы өз топтарында «Аквариум» технологясын қолдана отырып орындады. Сабақ барысында Формативті бағалау мен кері байланысты «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы жүргізілді. Сабақ өз деңгейінде өтті. Сабақ соңында, оқытушы-профессорлар құрамы сабақты жоғары бағалап, өз кеңестрі мен ұсыныстарын айтты.