Сандық әдістер курсы өтті

Жаратылыстану факультеті, Математика кафедрасына 04.11.-11.11.2017 аралығында Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шақырылған Ресей Ғылым Академиясы Сібір бөлімшесі, Есептеу технологиялары институтының жетекші ғылыми қызметкері, физ-мат.ғ.д., профессор Хакимзянов Гаяз Салимович 5В010900–Математика, 5В060100-Математика (3 курс) студенттеріне, 6М060100-Математика, 6М070500-Математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығының магистранттарына және 6D010900-Математика, 6D070500-Математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығының докторанттарына «Сандық әдістер» курсы бойынша дәріс оқыды.

Сонымен қатар, жай дифференциалдық теңдеулер үшін қойылған есептерді сандық әдістермен шешуде «Адаптивті торлар әдісін қолдану» тақырыбында қызықты әрі өзекті ғылыми семинар өткізді. Білімгерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Профессор сұрақтарға жауаптарды нақты мысалдар арқылы көрсетті.

Математика кафедрасы