Genç Uzmanların Dikkatine!

  • Date & Time:
    • Nisan 12 - Mart 13, 2018
    • 09:00 to 17:00
  • Venue:

    Ректорат, каб. №304

Қожа  Ахмет  Ясауи  атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Ректораты 

Жас мамандар назарына!

Университетіміздің 2017 жылғы 24-қарашада өткен 55-ші Өкілетті Кеңес Мәжілісінің 12-ші шешімімен Өкілетті Кеңес Басқармасы тарапынан шәкіртақы тағайындалып, 2018-2019 оқу жылында Түркия Республикасы университеттерінде докторантура бағдарламасы мен кәсіби біліктілік арттыру курсы бойынша білім алуға жіберілетін төмендегі мамандықтар бойынша  контингенттерге үміткерлер үшін конкурс жариялайды:

Мамандық атауы Докторантура Кәсіби біліктілік арттыру және мерзімі
1 Мемлекеттік басқару 1
2 Білім беруде өлшеу және бағалау 1
3 Түрік музыкасы 1
4 Тіс дәрігері/ Периодонтология 1 (бір жыл)

 Үміткерлер қойылатын талаптар: 

  1. Университет президенті атына өтініші.
  2. Үміткердің таңдаған мамандығына базалық жоғары білімінің сәйкес келуі;
  3. Жоғары білімі туралы дипломы мен қосымшасы көшірмесінің нотариалды куәландырылған болуы;
  4. Жоғары білім туралы диплом мен 100-дік немесе 4-тік ұпай жүйесі бойынша дайындалған академиялық үлгерімі туралы диплом қосымшасы 100-дік немесе 4-тік ұпайлық жүйеден жинаған түлек болуы:
  5. Докторантура бағдарламасында білім алуға үміткердің кем дегенде 1 (бір) ғылыми мақаласының жарияланған болуы;
  6. Университет тарапынан өткізілетін Түрік тілі бойынша емтиханынан табысты өткен болуы (100 ұпайлық жүйеден 50 ұпайдан жоғары);
  7. Тәртіптік шараға тартылмаған болуы (университет ректораты тарапынан әкімшілік жаза, ескерту, сөгіс алмаған);
  8. Оқуына кедергі болмайтын ауыр науқасқа немесе жұқпалы ауруға шалдықпағанын растайтын денсаулығы туралы 082 нысанды анықтамасының болуы қажет (түрік тілі емтиханынан сәтті өткен үміткерлер үшін талап етілетін құжат).
  9. Докторантура бағдарламасында білім алуға үміткердің жасы 1-қаңтардан бастап 35-тен аспаған болуы қажет.

Ескерту:  ХҚТУ-іне білікті оқытушы мамандарды даярлау мақсатында ЖОО-да білім алуын табысты аяқтаған үміткерлер жіберілетіндіктен екі елдің жауапты тұлғалары шеңберінде мұқият түрде базалық білім нәтижелері, түрік тілі емтихан қортындысы және саласы бойынша жасаған ғылыми жұмыстары сарапқа салынады.

Үміткерлер білім алуларын бастамай тұрып, университет Ректоратымен “Міндетті қызмет атқару” келісімшарты жасалады. Оқуын сәтті аяқтаған мамандар Түркияда қанша мерзім шәкіртақылы негізде білім алған болса (демалыс күндерін қосқанда) сонша мерзім көлемінде университетімізге келіп, саласы бойынша жұмыс істеуге міндетті. Шәкіртақы тағайындалған тұлға түзілген келісімшарт бойынша міндетті қызметіне кіріспеген жағдайда немесе жұмыс мерзімі аяқталмай тұрып университеттегі жұмысынан өз еркімен босаған жағдайда білім алуы үшін жұмсалған қаражат барлығы заңды пайызымен  есепке алына отырып, сот орындары арқылы университет пайдасына өндіріледі.

 Құжат қабылдау мерзімі: 12.03.2018 – 09.04.2018  аралығы. 

Түрік тілінен меңгеру деңгейін айқындау емтиханы  –12 сәуір 2018 жыл

Сұхбаттасу – 13 сәуір 2018 жыл 

Ескерту: Емтихан мерзімі мен уақыты өзгерген жағдайда қосымша хабарланады.

Құжаттар Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы, № 29 ректорат ғимаратының 3-қабат, 304-бөлмесінде 10.00-17.00-ге дейін қабылданады.

 

Байланыс телефондары:  8 (725 33) 63601, факс 63605, 8 702 498 06 65