Магистратураға түсуші тұлғалар мынадай КЕШЕНДІ ТЕСТ тапсырады:

  • шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен;
  • білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен;
  • оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын.

* Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші тұлғалар ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі тесттен тұратын КТ тапсырады.

КЕШЕНДІ ТЕСТІ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Ұлттық тестілеу орталығы өткізеді.

КТ өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы №190 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18657 болып тіркелген) бекітілген Кешенді тестілеу өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 150 балдық бағалау жүйесінің шәкілі

Тест түрлері Тапсырма нысаны Тапсыру тілі Тест саны Балл Шекті балл
Шет тілі бойынша тест Тыңдалым

Лексико-грамматикалық тест

Оқылым

Ағылшын/

Неміс/

Француз

50 50 25
Оқуғадайындығынанықтауғаарналған тест Бір дұрыс жауапты таңдау Қазақ/ Орыс 30 30 15
Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест * Бір дұрыс жауапты таңдау Қазақ/ Орыс 30 30 15
Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау Қазақ/ Орыс 20 40 20
Барлығы 130 150 75**

* шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға түсу үшін шығармашылық емтихандар тапсырылады

** шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға қабылдау үшін шекті балл – 74 балл.

 

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 100 балдық бағалау жүйесінің шкаласы

Тест түрлері Тапсырма нысаны Тапсыру тілі Тест саны Балл Шекті балл
Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест Бір дұрыс жауапты таңдау Қазақ/Орыс/

Ағылшын

30 30 7
Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест Бір дұрыс жауапты таңдау Ағылшын 30 30 8
Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау Ағылшын 20 40 10
Барлығы 80 100 25
Докторантура білім беру бағдарламасы тобының нөмірі мен атауы Білім беру бағдарламасының атауы
1. D001 – Педагогика және психология Педагогика және психология
2. D010 – Математика педагогтерін даярлау Математика
3. D011 – Физика педагогтерін даярлау Физика
4. D014 – Биология педагогтерін даярлау Биология
5. D016 – Тарих педагогтерін даярлау Тарих
6. D017 – Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау Қазақ тілі мен әдебиеті
7. D070 – Экономика Экономика
8. D072 – Менеджмент және басқару Менеджмент
9. D078 – Құқық Құқықтану
10. D094 – Ақпараттық технологиялар Математикалық және компьютерлік модельдеу
Ақпараттық жүйелер
11. D141 – Медицина Жалпы медицина
12. D139 – Қоғамдық денсаулық сақтау Қоғамдық денсаулық сақтау

Докторантураға оқуға түсушінің білімін бағалау тәртібі

 Бақылау түрі: Кешенді тесттілеу – ЭЕМ-де, кешенді тестілеу 100-балдық бағалау жүйесімен бағаланады.

Бағалау тәртібі: 50 тест сұрағы беріледі, әрбір дұрыс жауапқа 2 балл беріледі.

Бағалаудың шекті балы: 50 балл

 

Докторантурада білім алу үшін кешенді тестілеудің

100 балдық бағалау жүйесінің шкаласы

Тест

 түрлері

Тапсырма

нысаны

Тапсыру

тілі

Тест

саны

Балл Шекті балл
Бейіндік пәндер бойынша кешенді тест Бір дұрыс жауапты таңдау Қазақ / Орыс 50 100 50