Қажетті құжаттар

Магистратураға,  резидентураға түсуші тұлғалар тапсыратын құжаттар тізімі:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығымен бекітілген Кешенді тестілеу өткізудің үлгілік қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18657 болып тіркелген) сәйкес белгіленген нысанда ұйым басшысының атына (резидентура үшін еркін түрде) өтінішті;

2) жоғары білімі туралы құжатты (нотариалды бекітілген көшірмесі);

3) интернатураны бітіргені туралы куәліктің көшірмесін (резидентураға түсу үшін);

4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

5) 3×4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;

6) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру түсушінің қатысуымен жүргізіледі. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

 

Докторантураға түсуші тұлғалар тапсыратын құжаттар тізімі:

1) өтінішті (еркін түрде);

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) білімі туралы құжатты (нотариалды бекітілген көшірмесі);

4) шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатын;

5) № 907 бұйрықпен бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

6) 3×4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;

7) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған еңбек қызметін растайтын өзге де құжатты;

8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (бар болған жағдайда);

9) алдын ала іріктеу нәтижелері (“Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)” білім саласы бойынша).

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады.