Визалық қолдау

            Визалық қолдау жұмыстары Түркістан облысы полиция департаменті Көші-қон қызмет басқармасы арқылы жүргізіледі.

Басқа шет елдерге шығу визасы сол мемлекеттердің Қазақстандағы елшіліктері немесе консулдықтары арқылы рәсімделеді. Ол үшін сол елдердің талаптарына сәйкес құжаттар дайындалып өткізіледі. Ал Қазақстан Республикасына келу үшін қолданыстағы Ережеге сәйкес  визалық қолдауды рәсімдеу үшін төмендегі құжаттар қажет.

            Студенттер үшін:

  1. Паспортының көшірмесі (қазақша аудармасы)
  2. Университетте оқитыны жөнінде анықтама
  3. Курстан-курсқа көшкендігі жөнінде бұйрықтан үзінді.
  4. Визаға төлейтін қаражат.

            Оқытушы-профессорлар мен қызметкерлерге:

  1. Паспортының көшірмесі (қазақша аудармасы)
  2. Дипломның көшірмесі, міндетті түрде апостильі болуы керек, дипломның қазақша нұсқасы нотариуспен заңдастырылуы қажет.
  3. Университетпен жасалған келісім-шарт. (қазақша аудармасы) нотариуспен заңдастырылуы қажет.
  4. Жұмысқа қабылданғаны жөнінде бұйрықтан үзінді.

            Жанұя мүшелері болса:

  1. Жұбайының паспортының көшірмесі (қазақша аудармасы)
  2. Неке куәлігі, оның қазақша нұсқасы нотаруиспен рәсімделуі керек және міндетті түрде апостильмен болуы керек.
  3. Балалары болса, олардың туу туралы куәліктерінің көшірмесі қазақша аудармасы жасалып, нотариуспен рәсімделуі тиіс.
  4. Қызметке келетін қызметкердің дипломның көшірмесі, міндетті түрде апостильі болуы қажет, диплом және диплом қосымшасының қазақша нұсқасы нотариуспен заңдастырылуы қажет.
  5. Университетпен жасалған келісім-шарт. (қазақша аудармасы) нотариуспен заңдастырылуы қажет.
  6. Тағы бір ескерілетін жағдай, виза алатын азаматтың паспортының қолдану мерзімі алынатын визаның бітетін уақытынан 3 ай жоғары болуы қажет.

          Виза мерзімін ұзартуға  тапсыруға қажетті құжаттар тізімі

  1. Қазпошта арқылы төленген түбіртек түпнұсқасы (75 750  958 теңге 2019 жыл)
  2. Факультеттен анықтама
  3. Шетел паспортының түпнұсқасы

         Мемлекетінен шақырту жасау үшін визалық қолдауға керек құжаттар тізімі

  1. Казпошта арқылы төленген түбіртек түпнұсқасы (0,5 АЕК 1263 теңге төленеді  + 0,3 пайыз комиссия).
  2. Факультеттен оқитындығы туралы анықтама
  3. Шетел паспорт түпнұсқасы
  4. Шығу визасы үшін сот қаулысымен немесе оқудан шыққан жағдайда бұйрықтан үзінді
  5. Мемлекетінен шақырту жасау үшін вице-президент атына өтініш жазылады және рұқсатнама  беріліп қол қояды және университет есебіне  0,5 АЕК (1263 + 400 теңге  төленеді)
  6. Ұлты қазақ туралы анықтама негізінде визаға қаражат төленбейді.

          Виза мерзімін ұзарту бойынша  мемлекеттік  қызмет көрсету  құны

  1. Бір  мәртелік виза  7  АЕК  (17 675   теңге банк қызметі  2019 жыл)
  2. Көп мәртелік виза  30  АЕК (75 750    958 теңге 2019 жыл)
  3. Шығу визасы  0,5  АЕК (1263   теңге 2019 жыл)
  4. Визалық қолдауға  шақырту  0,5  АЕК (1263    2019 жыл)

            1 АЕК = 2 525 теңге — 2020 жылдың 01 қаңтарына дейін

 Ескерту:  Бір мәртелік виза мерзімі  16.11.2018  жылғы  №209  университет басшысы бұйрығының негізінде ұзартылуға рұқсат жоқ.