Не үшін АЯУ?

Қымбатты талапкер!

Сіздердің жарқын болашақтарыңыз – өз қолдарыңызда! Біз сіздің болашағыңыздың сапалы білім алумен байланысты болғанын қалаймыз. Сіздерді Қазақстанның жəне түркі тілдес мемлекеттердің ішіндегі ең үздік жоғары оқу орны – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алуға шақырамыз!

Университет білімге талпынған жастарға жыл өткен сайын барынша қамқор болып, олардың жағдайын жасап келеді. Өйткені, бүгінгі студенттер – еліміздің болашағы. Ел болашағының білімі жоғары, білері мол болу үшін жыл өткен сайын оқу орны жаңа технологиялармен жабдықталып, зертханалар ашылып, кітапхана мен жатақханалар салынып, білікті оқытушылар құрамымен жасақталып жатыр.

Егер, сіз Ахмет Ясауи университетін таңдасаңыз…
1
Бұл университет - елімізде тұңғыш ашылған халықаралық жоғары оқу орны!
2
Оқу корпустары еуропалық үлгіде салынған
3
Білімгерлер әлемнің 17 мемлекетінен келіп оқиды.
4
Білім беру жүйесі мен бағдарламалары Болон үдерісіне және әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінің оқыту жүйелеріне негізделген.
5
Дәріс беруге «Визитинг профессор» бағдарламасы бойынша АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Испания, Ресей, Түркия т.б елдердің профессорлары шақыртылады
6
Халықаралық деңгейде сапалы білім береді және халықаралық диплом алуға мүмкіндіктер ұсынады.
7
Түлектеріміз еліміздің ең ірі медиахолдингтерінде, кәсіпорындары мен мекемелерінде басшылық қызметтер атқарады.
8
Білімгерлер 100% жатақханамен толық қамтамасыз етіледі.
9
Жыл сайын мемлекеттік білім беру гранттарынан бөлек, қосымша 500 оқу гранттары беріледі.
10
54 мамандық бойынша білім алу мүмкіндігіңіз бар.
11
Жаһандық бәсекеге қабілетті мамандар әзірлей алады.