Ректор сөзі

Ахмет Ясауи университеті – мамандықтардың кең ауқымын ұсынады және ғылыми білім беру кешені болып табылады. Университеттің білім беру жүйесі мен бағдарламалары Болон үдерісіне және Әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінің оқыту жүйелеріне негізделген. Қазіргі уақытта университетте 17 мемлекеттен келген 29 ұлт пен ұлыстың өкілдері білім алуда.

Негізгі ғылыми бағыттары – медицина, жаратылыстану, филология, гуманитарлық, әлеуметтік, инженерлік жəне ақпараттық технологиялар сияқты салаларда жүзеге асырылады. Білікті мамандар студенттерімізге жан-жақты білім беру арқылы екі ел арасындағы бекем көпірдің іргесін қалыптастырып отыр.

Түркі халықтары жастарының бір шаңырақ астында толыққанды білім алуларына жан-жақты жағдайлар жасалынған. Қазіргі заманның технологияларымен жабдықталған оқу орнында білім алу – көп мүмкіндіктерге қол жеткізуге жол ашады.

Ендеше, білімге құштар жастар, жарқын болашаққа қарай басқан қадамдарыңыз сəтті болсын!

Уәлихан Сейділдәұлы Әбдібеков

Қожа Ахмет Ясауи атындағы

Халықаралық қазақ-түрік университетінің

президенті