Жиі қойылатын сұрақтар

www.olimpiad.ayu.edu.kz сілтемесі арқылы кіріп тіркіле аласыздар. Тіркелу процесі басталып кетті. 20 ақпанға дейін жалғасады. Бірінші кезең 1,2,3,4 наурыз күндері, екінші кезең 5,6,7 сәуір күндері өткізіледі.

Республикалық олимпиада екі кезеңде өтеді. Бірінші кезең on-line түрде  www.ayu.edu.kz сайтында өтеді. Екінші кезең Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында өтеді.

Олимпиада келесі пәндер бойынша жүргізіледі: ағылшын тілі, биология, дүниежүзі тарихы, география, информатика, қазақстан тарихы, қазақ тілі және әдебиеті, математика, орыс тілі, физика, химия.

Үміткерлер тек бір пәннен қатыса алады.

Сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласыңыздар:  8(72533) 63690, 8 (707) 9039339, 8 (777) 6497481, 8 (702) 9920392.

Олимпиада жеңімпаздары: әрбір пән бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар жеңімпаз атанады және І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Олимпиада жеңімпаздары дипломдармен марапатталады және А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ға түсу кезінде артықшылық құқыққа ие болады.