Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік 

университеті 11 сынып оқушылары арасында

IV Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасын өткізетіндігін хабарлайды!

Олимпиада физика, математика, биология, химия, информатика,

география, қазақ тілі (қазақ тілді топтар үшін), орыс тілі (орыс тілді топтар үшін), ағылшын тілі, қазақстан тарихы, жалпы тарих пәндері бойынша өткізіледі.

Олимпиада қазақ, орыс тілдерінде қабылданып, екі кезеңде өткізіледі: 

  • І-ші іріктеу кезеңі – online түрде 2017 жылдың 1, 2, 3, 4 наурыз күндері өткізіледі.
  • ІІ-ші іріктеу кезеңі – 2017 жылдың 5, 6, 7 сәуір күндері Түркістан қаласында, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында өткізіледі. 

Олимпиадаға қатысуға өтініш білдіру үшін 2017 жылдың 20 ақпанына дейін http://olimpiyad.ayu.edu.kz сілтемесі арқылы тіркелуі керек (қатысу мен тіркелу ақысыз жүргізіледі). 

Ұйымдастыру комитетімен байланыс: 8 (72533) 63690

Мекен-жайы: 161200, ҚР, ОҚО, Түркістан қаласы, Б.Саттарханов 29,  Ректорат ғимараты. 

(Тіркелу процесі аяқталған соң, 20 ақпаннан бастап білім беру мекемесіндегі жауапты тұлғаның және қатысушының электронды поштасына Олимпиаданың өтетін уақыты және үміткердің құпия сөзі мен логині хабарландырылады).