«IV-Түркі әлемі жастарының жазғы оқу курсы бойынша университетімізге 18.06.2018-15.07.2018ж. аралығында жалпы 371 студент Дайындық факультетіне тыңдаушы қатарына қабылданды. Оның ішінде Түркия Республикасынан түрлі ЖОО-нан 210 студент, Қырғыстан Республикасы Ош мемлекеттік университетінен 32 студент, Қырғыстан Халықаралық университетінен 36 студент, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінен 15 студент, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінен 50 студент, Қазақ-орыс Халықаралық университетінен 8 студент, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінен 20 студент. Қабылданған білімгерлерге қазақ тілі, түрік тілі, ағылшын тілі пәндерінен дәрістер жүргізілетін болады.