Жаратылыстану ғылым саласында еліміздің орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуде табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану, тиімді басқару, қоршаған ортаны қорғау, кәсіби экологиялық пәндер бойынша теориялық және практикалық білімдерін пайдалана отырып кәсіби деңгейдегі заманауи ғылыми, қолданбалы мәселелерді тұжырымдауға, шешімін табуға қабілетті магистрлерді даярлау.
Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.