УНИВЕРСИТЕТІМІЗ ҰЖЫМЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІ “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫН ҚОЛДАДЫ

  • 27.04.2024
  • KZ

image

Бүгін университетіміздің басшылығы, оқытушы-профессорлар құрамы, әкімшілік қызметкерлер және студенттер “Таза Қазақстан” акциясы аясында кезекті сенбілікке шықты.

Баршаңызға мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы жарияланды. 

Акция аясындағы үшінші апта “Жасыл аймақ” атауымен өтуде. 

Президент бастамасын оқу орнымыз да қолдап, бүгін кең ауқымды сенбілік өткізді. 

Университет бас корпусының, Филология мен Спорт және өнер факультеттері ғимараттарының, Кентау және Шымкент кампустарының, Клиника-диагностикалық орталығының, сондай-ақ Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжінің маңына тазалық жұмыстары жүргізілді.

Университет басшысы Жанар Темірбекова сенбілік жұмысына арнайы қатысып, қоршаған ортаға қамқорлық көрсетуге келген ұжым мен студенттерге алғысын айтты.

Сенбілікке қатысушылар ғимараттар мен алаңдардың айналасын ретке келтіріп, көгалдарды қоқыстардан, жапырақтардан және сынған бұтақтардан тазартты. Сонымен қатар, ағаш түптері әктеліп, сырланды.

Айта кетейік, “Жасыл аймақ” апталығы көлемінде университетіміздің маңына және Ботаникалық баққа ағаштар мен гүлдер отырғызылды.

Осылайша, “Таза Қазақстан” акциясы аясында оқу орнымызда жан-жақты жұмыстар жүргізілді.