АЙМАҚТЫҚ СТУДЕНТТІК СПОРТ ЛИГАСЫ: БАЛУАНДАР БӘСЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

  • 27.04.2024
  • KZ

image

Бүгін университетіміздің қабырғасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан ЖОО арасындағы «Студенттік спорт лигасы» оңтүстік аймақтық ойындарының кезекті жарыстары басталды.

Оқу орнымыздың спорт залында боз кілем төселіп, еркін күрес шеберлері өзара мықтыны анықтады. Спорт бәсекесіне жалпы саны 80-ге жуық студент қатысып жатыр. Олар өзара республикалық Студенттік спорт лигасына жолдаманы сарапқа салады.

Сайыста оңтүстік аймақтан 10 университеттің командалары бақ сынауда, атап айтар болсақ:

1. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

2. Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда университеті

3. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

4. Халықаралық туризм және меймандостық университеті

5. Ө.Жәнібеков Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

6. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

7. Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы

8. Орталық-Азия инновациялық университеті

9. Академик А.Куатбеков атындағы халықтар достығы университеті

10. Шымкент университеті

Еске салайық, бұған дейін оқу орнымызда өтіп жатқан Студенттік спорт лигасында волейбол, тоғызқұмалақ, шахмат, баскетбол және үстел теннисі спорт түрлерінің жеңімпаздары анықталды.

Жарысқа қатысып жатқан университетіміздің студенттеріне сәттілік тілейміз!