Екіжақты келісім-шарт негізінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2024-2025 оқу жылының күзгі семестріне тіркелу басталғанын хабарлаймыз!

  • 02.05.2024
  • KZ

image

Тіркелу мерзімі: 02.05.24-17.05.24

Тіркелу оффлайн форматта төменде көрсетілген құжаттармен бірге Ректорат, 516А кабинетте өтеді.

 

Тіркелу кезінде қажетті құжаттар:

  • Жеке куәлік/төлқұжат көшірмесі;
  • Университеттің ресми мөрімен куәландырылған ағымдағы транскрипт ағылшын тілінде. (Транскрипт Ректорат, 1 қабат, 122 кабинетте беріледі);
  • Түрік тілі бойынша Тіл білімі деңгейін анықтау сертификаты (кемінде B2 деңгейі).  

Тіл білімі деңгейін анықтау сертификаты болмаған жағдайда білімгер тіркелуден соң Лингвистикалық орталықта болатын тестке қатыса алады.

 

Ескерту: бітіруші курс білім алушылары академиялық ұтқырлық бағдарламасын пайдалана алмайды. Барлық жол шығындары білімгердің өз есебінен төленеді.

 

Қосымша сұрақтар бойынша:

Ректорат, 516А кабинет.

Байланыс телефоны: 87077912010

Инстаграм парақшасы: https://www.instagram.com/ayu_international/