ХАДЖЕТТЕПЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

  • 29.04.2024 12:45
  • Кітапхана

image

Бүгін университетімізде Хаджеттепе Түркітану институтының директоры, профессор доктор Юнус Коч конференция өткізді.

«Түрік заң тарихының концепсиялары» тақырыбында өткен семинар кітапхананың мәжіліс залында өтті. 

«Ана жұрттан ата жұртқа - білім көпірі» бағдарламасы аясында келген профессор түрік тарихының жалпы сызбалары, тарих бойында құрылған түрік мемлекеттеріндегі құқық және қоғамдық өмір, Осман империясының құрылу барысы, Осман империясы мен Түркістан хандықтары арасындағы қарым-қатынастар сияқты тақырыптарында кең көлемде ақпарат берді.

Конференция соңында студенттер ғалымға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Айта кетейік, бұл игі бастама басқа факультеттерде де өз жалғасын табады.