«БОЛАШАҒЫМЫЗ БІРЛІКТЕ VII» АТТЫ ДӘСТҮРЛІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕКТОР КУБОГЫ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ

  • 10.05.2024
  • KZ

image

Университетімізде 7-8 мамыр күндері «Ясауи дебат» клубының ұйымдастыруымен «Болашағымыз бірлікте VII» атты дәстүрлі республикалық ректор кубогы пікірсайыс турнирі өтті.  

2 күнге созылған турнирге еліміздің түрлі аймақтарынан 60-қа жуық фракция, яғни 120 студент қатысты. Жүзден жүйрік атанған жеңімпаз пікірсайысшыларды оқу ордамыздың ректоры Жанар Темірбекова арнайы марапаттап, сый-сияпаттар табыстады. Сондай-ақ, өзге де қатысушылар «Үздік төреші», «Үздік делегация», «Ең үздік спикер» сынды т.б номинацияларға ие болды.

Жеңімпаз атанған барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!