Ғылымды коммерцияландыру департаменті
Ғылымды коммерцияландыру департаменті Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президентінің 03 қыркүйек 2019 ж. №167 «Университет құрылымына өзгерістер енгізу туралы » бұйрығымен құрылды.
Ғылымды коммерцияландыру департаменті (одан әрі – ҒКД) Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (одан әрі – ХҚТУ) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Ғылымды коммерцияландыру департаменті директоры – PhD доктор Керімбеков Ержан Рахымжанұлы.
Департаменттің құрамы 3 бөлімнен тұрады:
Департаменттің негізгі міндеттері:
- Ағымдағы және болашақтағы ғылыми және инновациялық қызметті жоспарлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- Іргелі, қолданбалы және инновациялық зерттеулер, халықаралық бағдарламалар мен жобалар бойынша зерттеулер құжаттамасын үйлестіру, жүргізу және оларды жүзеге асыруға ықпал ету;
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәжірибесін жинақтау, іргелі және қолданбалы ғылымның дамуының басым бағыттарын анықтауға қатысу;
- Коммерцияландыру әлеуетіне ие келешекті жобаларды іздестіру.
- Университеттің патенттік портфеліне талдау жүргізу.
- Инновациялық жобаларға алдын-ала қаржылық талдау жүргізу, сондай-ақ оларды бағалау және қаржыландыру мүмкіндігі бойынша алдын-ала іріктеу жұмысын ұйымдастыру және оған қатысу.
- Келген мақала қолжазбаларының ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің (2016 жылғы 12 қаңтар, №20 бұйрық) талаптарына және «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде басылымдар қолжазбасын рәсімдеу Ережесіне» сәйкестігін қадағалау.
- «Ясауи университетінің Хабаршысы», «Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Хабарлары», «Түркология» журналдарының тұрақты жарыққа шығуын қамтамасыз ету.
- Ғылыми мақаласы келіп түскен барлық қазақстандық және шетелдік ғалымдармен байланыс орнату.