Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі

Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев  дәрігерлер мен провизорлардың съезінде сөйлеген сөзінде: «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп  айрықша айқындап атап өткен болатын.    Қазіргі кезде салауатты өмір салтын сақтау туралы көп айтылуда. Тіпті Елбасымыздың Жолдауында да салауаттылықты мемлекеттік деңгейде қолға алу керектігі көрсетілген.

27 қазан 2016 жылы Дүниежүзі маскүнемдікке қарсы күрес күніне орай Шымкент институтының «Жалпы дәрігерлік практика» кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы мен   7 курс дәрігер-интерндері қаламыздағы №86 жалпы орта мектебінде болып,   салауатты өмір салтын ұстану жайлы пікір алмасып, денсаулыққа жағымсыз  зиянды әрекеттерден (нашақорлық, шылым шегу, ішімдік ішу, улы заттарға әуес болу) аулақ болу туралы сұхбаттасу жүргізді.

Кездесуді №86 жалпы орта мектебінің директор міндетін атқарушы Утебаева Ләззат Пернебекқызы ашып, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент медицина институтынан келген қонақтармен таныстырып,  қаламыздағы ең үлкен осы мектепті 2010 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаев ашқаны және мектептің кәзіргі жағдайы туралы мәлімет беріп, сөз берді.

Сөз алған  «Жалпы дәрігерлік практика» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., доцент Б.К. Жүнісов өз сөзінде бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміздің мектептерінде жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат еткен дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты талап етіп қойғаны туралы айтып, салауатты өмір салты дегеніміз- денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді орындау екендігін түсіндірді.  Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы қол жеткізуге болады. Дене қозғалысы адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады. Денсаулық – адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы туралы оқушыларға түсіндіріп берді. Сөзінің соңында Б.К. Жүнісов
оқушыларды Университеттің жағдайымен таныстырып, бітіруші түлектерді медицина факультетін таңдауға шақырды. Кездесу дәрігер-интерндер дайындаған салауатты өмір салтын насихаттайтын бейне – ролик көрсетумен аяқталды.
Кездесудің соңында мектеп директорының м.а. Л.П. Утебаева алдағы уақытта нәтижелі  байланыс жалғасатындығына сенім білдіріп   кафедра ұжымына алғысын айтты.

Напишите свой вопрос

 

    ×