Халық қалаулылары қаламызда

9 ақпан күні, Ахмет Ясауи университетінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті Жолдауын талдау мақсатында, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Әлеуметтік – мәдени даму комитетінің» мүшесі, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Мұсырман Кәрібай Иманжанұлы және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің» мүшесі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Ержан Құдайберген Төлепұлымен оқу орын ұжымының кездесуі өтті.

Жиынды Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Рысбеков жүргізіп, алғашқы сөзді жерлесіміз, Парламент Мәжілісің депутаты, Ержан Құдайберген Төлепұлына ұсынды: «Құрметті жерлестер, өздеріңіз білесіздер, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа кезекті Жолдауы Республика бойынша қызу талдау үстінде, біздің де келгендегі мақсатымыз – құнды құжат бағыттарын сіздермен бірге талқылау, ой бөлісу, оның маңызын түсіндіру болып табылады»,-деп басым бағыттардың қоғам өмірінде алатын орнына, халқымызды экономикалық және рухани өрлеуге жұмылдыратын мән-маңызы зор тарихи құжат болып табылатынына біраз мысалдар келтіре отырып тоқталды.

Мұнан әрі сөзді жалғаған ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мұсырман Кәрібай Иманжанұлына: «Тәуелсіздік қолымызға тигеніне бөркімізді көкке ата қуанғанымызбен, экономикасы тұралап,ауыр дағдарыс қыспағында қалған еліміздің ертеңіне алаңдап, ұлы Абайдың «Көп шуылдақ не табар, билемесе бір кемел?» дегеніндей, бар үмітімізді Елбасымызға артқанымыз ұмытылмас шындық.
1995 жылғы бүкілхалықтық референдумда президенттік билік орнатуды көздеген жаңа Конституциямызды қабылдадық. Біз қателескен жоқпыз, антына, халқына адал Тұңғыш Президентіміз тірелген тұйықтан жаңылыспай шығып, халқының сенімін ақтады. Бәріміздің көз алдымызда өткен небір бұралаң жолдар мен қиындықтар есімізге түссе, осы күні тәубемізге келіп, Елбасымыздың қадірін біле түсеміз.

Дүниежүзін аузына қаратқан атақты Напалеонның: «Егер арыстандарға қойды басшы қылып қойсаң, онда олар қойша жуасиды, ал керісінше жасасаң, қой екеш қойға да арыстанның жүрегі бітеді»,-дегеніндей, бірлік пен келісімнің арқасында, асудан-асуға көтеріліп, барыс бейнелі, айбарлы да азулы мемлекетке айналатынымызға Елбасымыз кәміл сенді.

«Алдымен – экономика, сосын саясат» қағидатын ұстанып, жас елімізді ширек ғасыр уақытта бүкіл әлем таныған, беделді де қуатты мемлекетке айналдыра білген Елбасымыздың 31 қаңтардағы кезекті Жолдауы халқымыздың жасампаздық рухын асқақтата түскені белгілі».

Үкіметке «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын әзірлеуі, қазіргі ақпараттық технологиялар заманының талабын ескеруі, шалғайда жатқан ауылдардың интернетке қолжетімділігін түбегейлі шешу қажеттігін,медициналық қызмет пен білім беру сапасын жақсарту мәселелерін, жұмысшыларды қайта даярлықтан өткізумен қатар, оларды ауылдардан қалаларға ұтымдылықпен тартуды тартуға қолдау көрсету керектігі, бүкіл елді мекендердегі барлық бос жұмыс орындары көрсетілетін бірыңғай онлайн-платформа жасау туралы тапсырма берілгендігі жөнінде айтты.

Сонымен қатар, Ұлттық банк инфляция үшін емес, Үкіметпен бірге экономикалық өсім үшін де жауап беріп, кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосуы, денсаулық сақтау саласында әсіресе фармацевтиканы дамыту, тегін берілетін дәрі-дәрмектердің тізімі көрнекі, айшықты жазылып қою мәселесі сияқты Елбасы Жолдауындағы басымдылықпен берілген көптеген мәселелердің басын ашып айтты.
Университет президенті, профессор У.Әбдібеков: «Елбасымыздың әрбір Жолдауымен біздің университет ұжымы, студенттеріміз дер кезінде танысып, өз ойларын білдіріп, қолдап отырады. Биылғы Жолдау ғалымдарымыз бен ұстаздарымыздың қатысуымен талқыланды. Қазір әрбір факультеттер арасында кеңінен талқылануда. Өздеріңіз байқадыңыздар, біздің студенттеріміздің қойған сұрақтарынан-ақ олардың белсенділігін аңғаруға болады. Сіздерге ел ағалары ретінде, арнайы уақыт бөліп келгендеріңіз үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!-деп сөзін қорытындылады.

Жиын төрағасы Ғ.Рысбеков қасиетті Түркістанға арнайы келген Парламент депутаттарына алғыс білдірді. Халықтың бейбіт, бақуатты өмір сүріп отырғаны да Елбасының тынымсыз еңбегінің жемісі екенін Түркістан халқы жақсы білетінін айтып, Түркістан халқы Жолдауға қолдау білдіретінін жеткізді.

Шара соңынан қонақтар университет мұражайын аралап, ондағы «Археологиялық жәдігерлерге» қатысты экспонаттармен, «Ұлы дала тарихы» аталатын көркемсурет галереясымен танысты.

Б.Оспанова

Фото: Н.Искаков

Напишите свой вопрос

 

    ×