Ғылыми-теориялық семинар

9 ақпан күні университеттің «Жаратылыстану» факультетіне «Визитинг-профессор» бағдарламасы аясында Түркия мемлекеті Он Докуз Майыс университетінен келген профессор, доктор Хусейн Демир семинар өткізді.

Профессор «Дифференциалдық теңдеулерді шешудің сандық әдістері» атты тақырыпта семинар өткізді. Х.Демир «Дифференциалдық теңдеулердің сандық әдістері, теңдеудің шешімін табу жолдары, функциясы, оның туындылары, жуықтап дифференциялдау әдістері» туралы мәлімет берді.

Семинарға студент, магистранттар мен докторанттар қатысты. Қатысушылар сұрақтар қойылып, өз пікірлерімен бөлісті.

Ақпарат орталығы

Напишите свой вопрос

 

    ×