Жаңа әлемдік жүйе: жаhанданудың ықпалы

19-қазан күні «Әлеуметтік ғылымдар» факультеті, «Экономика» кафедрасының профессоры, доктор Нихат Байнар «Жаңа әлемдік жүйе: жаhанданудың ықпалы» атты ғылыми семинар өткізді.

Семинар мақсаты – «Әлеуметтік ғылымдар» факультетіндегі академиялық және ғылыми жұмыстарды жандандыру, жетілдіру және жас ғалымдар мен ізденушілерге бағыт-бағдар беру.

Ғылыми-танымдық семинарға Даму және қаржыландыру жөніндегі вице-президент, профессор Мұстафа Эрен, Ғылым және инновациялық істер жөніндегі вице-президент, профессор Т.Раимбердиев, «Әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы, профессор Мехмет Топлу, оқытушы-профессорлар, студенттер, магистрант-докторанттар қатысты.

Профессор Н.Байнар әлемдік қаржы жүйесі туралы айтып, жаһанданудың жағымды және жағымсыз әсерлеріне қатысты көптеген мысалдар келтірді. Оның ішінде, экономикалық, қаржылық, технологиялық жаһандану туралы айтқан ойлары көпшіліктің қызығушылығын тудырды.  Экономикалық ғаламданудың тиімді-тиімсіз тұстары, дүниежүзілік қаржы нарықтары, қаржы пирамидасы туралы айтты. Қатысушылар өз пікірлерін айтып, сұрақтарына нақты жауаптарын алды.

 Ақпарат орталығы.

Напишите свой вопрос

 

    ×