
«Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша ІІІ Орта Азиялық халықаралық форумындағы» Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Болатбек Серікбайұлы Абдрасиловтың салтанатты шарадағы сөйлеген сөзін назарларыңызға ұсынамыз:
— Университеттердің академиялық еркіндігі мен басқарушылық тәуелсіздігін кеңейту туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер аясында университеттердің ұсынылатын білім беру сапасы үшін жауапкершілігі және әлемдік еңбек нарығында жетекші орын алуға қабілетті және жоғары білікті кадрларды даярлаудағы стратегиялық бағыттарды қалыптастыру артып келеді. Жыл сайынғы АРТА форумына көптеген мемлекет қайраткерлері, академиялық және кәсіби қоғамдастық өкілдері қатысады. Форумның танымалдығы жыл өткен сайын кең көлемде арта түсуде . Айта кету керек, 2017 жылы Алматыда өткен форумға 400-ден астам адам, 2018 жылы Нұр-Сұлтандағы форумға 500 адам қатысты. Форум іс-шарасы жоғары бағаланды және форумның жемісті жұмысының нәтижесінде білім беру жүйесіндегі оң өзгерістердің бағыты болып табылатын ұсыныстар болды. Форум проблемаларды анықтауға және орта Азия мен Еуропадағы білім сапасын жақсарту жолдарын анықтауға көмектеседі; жоғары білім беру жүйесінде сапалы институционалдық өзгерістерге ықпал етуге, білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, мамандарды даярлау, түлектердің сұранысы және жұмысқа орналасу деңгейін көтеруге, академиялық ұтқырлық пен білім беруді интернационалдандыруды күшейтуге, жоғары оқу орындары, жұмыс берушілер, мүдделі тараптар арасындағы білім беру процесінің барлық қатысушыларының мүдделерін теңдестіру қағидаттары бойынша өзара әрекеттесудің тиімді жүйесін қалыптастыру; әлемдік білім беру кеңістігіне интеграцияны кеңейтуге жол ашады. ІІІ халықаралық деңгейде өтіп жатқан форумның Түркі әлемінің астанасы Түркістандағы біздің Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-де өтіп жатқанына қуаныштымыз. Өздеріңіз білетіндей, дамушы мемлекеттерде білім сапасына, оның ішінде жоғарғы оқу орындарының жұмысына байланысты көптеген пікірлер қалыптасуда. Әр мемлекет өз жерінде жоғарғы деңгейде ғылым мен білімнің дамуына жол ашарлықтай жұмыстар атқаруда. Бүгінгі форумның мақсаты да сол, әлемдік тәжірибиелерді ортаға салу. Білім туралы заң бойынша еңгізілген бағалау жобасы арқылы білім сапасының дамуына жол ашатын бағыттары сөз болады. Бұл форумға елімізден, тіпті шетелдерден де кеген қатысушылар аз емес. Тәуелсіз Аккредиттеу және рейтинг агенттігі университеттердің білім сапасын бағалайтын аккредиттеу мекемесі Қырғызстан, Тәжікстан, Румыния, Әжірбайжан сынды бірқатар мемлекеттерде қызмет жасауда. Бұл қазіргі кезде дүние жүзіне белгілі, нәтижелі жұмыс жасайтын орталыққа айналған. Біздің елімізде де аккредиттеу жобасы 2011 жылдан бастап енгізіліп, жұмыстар жасалғанын көріп жүрсіздер. Еліміздің білім сапасын жоғарлату бағытында біз де бар күшімізді салып, білікті, тәжірибелі, талапты мамандарды шығарудан аянбаймыз», — деп сөзін түйіндеді.