Ректор студенттермен онлайн-кездесу өткізді

Бүгін, 28-тамыз күні сағат 17.00-де университетіміздің ректоры Болатбек Серікбайұлы Абдрасилов студенттермен кезекті онлайн-кездесу өткізді. Конференция Facebook, Instagram , YouTube әлеуметтік желілерінде өтті. Кездесуде 2020-2021 жаңа оқу жылын ұйымдастыру мәселесі сөз болды. Ректор Инженерия, Стоматология, Медицина, Спорт және өнер факультетінің мамандықтардың ерекшеліктеріне қарай 70 пайызы қашықтықтан, 30 пайызы дәстүрлі білім беру бағыты бойынша білім алатындығын айтты. Түрік квотасымен оқуға түскен білім алушылар Дайындық факультетінде қазан айынан бастап, қашықтықтан онлайн режимде оқитын болады. Университетіміздің ректоры Болатбек Абдрасилов студенттерге қыркүйек айынан бастап  3 жатақхананың құрылысы басталатындығын жеткізді. Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті. Студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Ректор  сұрақтарға жауап беріп, әр факультеттің декандары студенттермен онлайн-кездесу өткізетіндігін және жаңа оқу жылындағы өзгерістер барысы мен қосымша туындаған сұрақтарына жауап беретіндігін хабарлады.

Толығырақ https://tinyurl.com/yassawi-tv сілтемесінен таныса аласыздар

Ақпарат орталығы

Напишите свой вопрос

 

×